Бірліктер жүйесі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бірліктер жүйесі – физикалық шамалардың негізгі бірліктерінің кейбірін ғана (ұзындық, масса және уақыт) қамтитын, ал қалған өлшеу бірліктері сол негізгі бірліктердің туындысы ретінде анықталатын жүйе; физикалық теориялардың негізінде құралған, физикалық шамалардың табиғатта болатын өзара байланысын көрсететін, физикалық шамалардың қандай да бір жүйесінің негізгі және туынды бірліктерінің жиынтығы.[1]
Бірліктердің абсолюттік жүйесіне енетін кез келген физикалық шаманың туынды бірліктерін анықтағанда, сол шаманы негізгі бірліктер арқылы өрнектелетін шамалармен байланыстыратын формула қолданылады. Бұл формуладағы пропорционалдық коэффициент бірге тең деп ұйғарылады. Бірліктердің абсолюттік жүйесін ғылымға тұңғыш рет 19 ғасырдың 30-жылдары неміс ғалымы Карл Гаусс енгізген. Ол негізгі бірліктер ретінде: ұзындық бірлігіне миллиметрді, масса бірлігіне миллиграмды және уақыт бірлігіне секундты алған. Бірліктердің абсолюттік жүйесі қазіргі уақытта ескірген жүйе болып саналады.[2]
Бірліктер жүйесі (өлшеуіштердің метрлік жүйесі, бірліктердің СГС жүйесі, бірліктердің МКС және МТС жүйелері) механикада кеңінен қолданылады. Техникада ұзақ уақытқа дейін үшінші негізгі бірлік ретінде масса орнына күш қабылданған бірліктердің МКГС жүйесі де пайдаланылады. Неміс математигі Карл Гаусс (1777–1855) енгізген бұл жүйе бірліктердің абсолют жүйесі деп аталды. Бұдан кейін Гаусс тәсілі бойынша бірліктердің электрлік және магниттік жүйелері енгізілді.