![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/dc/Damu_joli.jpg/640px-Damu_joli.jpg&w=640&q=50)
Білім экономикасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Білім экономикасы (ағылш. knowledge economy, немесе Білімге негізделген экономика, ағылш. knowledge-based economy) — тауар өндіру мен сервистер тікелей білімнің шоғырлануын негіз ететін экономикалық жүйе болып, ол техникалық және ғылыми инновациялардың жедел дамуын және тез-тез бедерсізденіп, жаңа деңгей жаратып отыруын туғызады.[1] Мұндай экономика типінде тауар құны адами капиталы мен зияткерлік меншік бойынша инновациялық идеялардан, ақпараттардан және шебер практикалардан қалыптасады.[2] Мұндай жүйеде түрлі ұйымдар өз өндірісі мен қызметін "біліммен" толық әрі жан-жақтылы қаржыландырып, бизнесті дамыту процесіне ынталандырып, еңбек өнімділігін арттыруға баса мән береді. Ондай қоғамда материалдық салымға және табиғи ресурстарға аз сенім артылады. Білімге негізделген экономика бейматериалды активтердің шешуші рөліне сүйеніп, заманауи экономикалық өсімге қол жеткізеді.[3] Білім экономикасында "білім" тауар құнының негізгі бөлігін иелейді, яғни мәлім тауарды құнды ететін нәрсе оның заты (шикізаты) емес, оған жұмсалған білім. Сондықтан заты, яғни шикізаттың құны қай-қашанда өндірген тауардан көп төмен болады, және үздіксіз төмендей береді; ал жаңа білімнің үздіксіз жарыққа шығуы мен өндіріске енуіне орай білімнің құны артқан үстіне арта береді.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/dc/Damu_joli.jpg/640px-Damu_joli.jpg)
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/9e/Countries_by_GDP_%28PPP%29_Per_Capita_in_2015.svg/640px-Countries_by_GDP_%28PPP%29_Per_Capita_in_2015.svg.png)
Білім экономикасы микроэкономикалық және макроэкономикалық ортадағы жоғары білікті жұмыскерлермен ерекшеленеді; мекемелер мен өндіріс орындары әлемдік нарық қажетін қанағаттандыру үшін арнайы шеберлікті қажет ететін жұмыс орындарын ашуға жұмылады, әлеуметтік сұраныс пен аса мол пайда да сол салада жатқан болады.[4][5] Білім еңбек пен капиталға қосымша кіріс ретінде қарастырылады.[6] Негізінен, адамның жеке капиталы оның білімі және экономикалық құн жаратуда соны қолдану қабілетін көрсетеді.[5]
Білім экономикасында жоғары біліктілік негізіндегі жұмыс орындары үшін тамаша техникалық шеберлік пен қарым-қатынас шеберлігі қажет болады[7], мысалы, проблемаларды шешу, түрлі пән салаларындағы икемді интерфейстің болуы, сондай-ақ өнеркәсіпке негізделген экономикадағыдай физикалық объектіні нобайлап жасаудан дәл өлшемді етіп жасауға өту қатарлылар.[8][9] Білім экономикасы біліктілілік пен технократияға аз мән беретін[10] аграрлық экономикадан мүлде өзгеше сипат пер өнімділікке ие.[11]
Білім экономикасы постиндустриалды экономика деп те аталатын, экономикалық дамудың үшінші кезеңі болып табылатын сервис экономикасындағы шеберліктерге үлкен мән береді. Ол бейфизикалық капитал ретіндегі ақпараттың маңыздылығына мән беретін ақпараттық экономикаға да, сондай-ақ ақпарат технологиясылардың экономикадағы игілігіне назар аударатын цифрлы экономикаға қатысты. Компаниялар үшін зияткерлік меншік, мысалы, сауда құпиялары, авторлық құқықпен қорғалған материалдар және патенттелген процестер білім экономикасында бұрынғы дәуірлерге қарағанда анағұрлым құнды болады.[12][13][14][15][16]
Дүниежүзілік экономиканың білім экономикасына қарай өтуі[17][18][1][19][20][21][22] ақпарат ғасыры деп аталатын ақпараттық қоғам қалыптастыруда.[23] Білім экономикасы терминін алғаш рет Питер Друкер «Жалғасымсыздық дәуірі» (1969) кітабының 12-тарауында тақырып ретінде қолданған, ал Друкер бұл идеяны экономист Фриц Мачлупке тәуелдейді, ал ол экономист Фредерик Уинслоу Тейлор жасаған ғылыми менеджмент идеясын дамытқан болатын.[24]