From Wikipedia, the free encyclopedia
Білім-қазына қоғамдық қоры 2015 жылы Нұр-Мүбарак ислам университетінің жанынан ашылған. Нұр-Мүбарак университеті Қазақстан мен Египет Араб Республикасы арасындағы ұзақ уақыт үзілген діни бауырластықтың жаңа белесі. 2001 бұрын ашылған университет аяғынан тік тұрып, елге, дінімізге қажетті мыңнан аса білікті мамандарды даярлап үлгерді. Оқу, білімді меңгеру қаншалықты зор еңбекті талап етсе, оның ел ішінде жемісінің көрінуі де ұзақ жылдардан кейін аңғарылады. Нұр-Мүбарак университетінің тамырын әлемге әйгілі мыңжылдық тарихы бар әл-Азһар университетімен байланыстыруы – зор болашаққа нық қадам жасаудың белгісі. Нұр-Мүбарак университеті 2001 жылы ашылса, әл-Азһардың тарихы 988 жылдан басталады, яғни 1030 жыл бұрын ашылған университетте бүгінде әлемнің 100-ден аса елінен студенттер білім алады. Қазақ елі ғасырлар бойы Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатындықтан, біздің университетке әл-Азһар университетінің осы мәзһабқа тән ғалымдары іріктеледі[1]. Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад ал-Жиндидің сөзі.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. |
---|
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2024-02-15, 11:33 кезінде (3 ай бұрын) CommonsDelinker (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (қаңтар 2023) |
Бұл бет жедел жоюға ұсынылған. Себебі: жарнамаға ұқсайдыKasymov Т 00:49, 2023 ж. ақпанның 2 (+06).
Бұл мақаланы 2024-02-15, 11:33 кезінде (3 ай бұрын) CommonsDelinker (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
2018 жылдан бастап жаңа оқу корпусына көмек ретінде қаражат жиналуда. Жаңа оқу ғимаратының салынуындағы ең басты себеп-студенттер санының жылдан жылға артуы. Қазіргі оқу ғимараты 800 адамға арналған. Бірақ бұл жерде 2000-ға жуық шәкірт білім алуда[2].
«Білім-қазына» қоғамдық қорының ашылуы – уақыт талабы. Себебі, Нұр-Мүбарак университетінің құрылғанына 15 жылға айналса, тек соңғы 4 жылда мемлекеттік білім гранты бөліне бастаған-ды. Сол уақытқа дейін ел ішіндегі жомарт жандардың қолдауымен біршама ілгерілеу болса, енді оқу орнының алдына жаңа жоспарлар, жаңа мақсаттар қойылуда. Университет проректоры, профессор Шамшәдин Керім мырзаның айтуынша биылғы қабылдау науқанында исламтану мамандығы бойынша бір орынға 4 талапкерден келген. Ал мемлекеттік білім гранты небәрі 150, ол қазақ және орыс тілді мамандарды даярлауға бөлінбек. Білім грантының барлығы исламтанушылар, яғни имамдарға арналғандықтан, қыздардың тегін оқу мүмкіндіктері аз. Исламтануға келетін көп жастардың ақылы түрде оқуға қалталары көтермейді[3].
Қасиетті Рамазанның берекелі кештерінде (2015 жылы) Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде «Білім-қазына» қоғамдық қорының тұсаукесері өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, университет оқытушылары мен ғалымдары бас қосқан салтанатты кеш қасиетті Құранмен басталып, Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни жаңа бастамаға сәттілік тіледі[4].
«Білім – қазына» қорының миссиясы Республикадағы арнайы жоғары діни білім беретін жалғыз оқу орнының тыныс-тіршілігіне, дамуына, жаңа белестерді бағындыруына материалдық қолдау көрсету болғандықтан, жаңа оқу ғимаратының құрылысын қаржыландырумен қатар студент жастардың әлеуметтік-материалдық жағдайларына қолдау көрсету (оқу ақысын өтеу, шәкіртақы төлеу), ұстаздар қауымының біліктілігін арттыруға демеулік жасау, оқу процессін инновациялық технологиялармен жабдықтауға атсалысу, университетте өткізілетін түрлі мәдени-тағылымдық іс-шараларға демеулік жасау жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді[5].
Білім-қазына қоғамдық қорының қазіргі күндері Алматы және Шымкент қалаларында филиалдары ашылған. Алдағы күндері Астана және басқа өңірлерде ашу жоспарда бар. Алматы қаласындағы филиал директоры Абылай Мақсұт. Шымкент қаласындағы филиал директоры Ұлықбек Алиакбарұлы.
2023 жыл басында Нұр-Мүбарак университеті жанынан құрылған «Білім-Қазына» қоғамдық қорының қолдауымен жаңа студия ашылды. Заманауи талаптарға сай түрлі сұхбаттар мен подкасттар түсірілетін студиялық орталықтың тұсауын Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев пен «Білім-Қазына қоғамдық қорының президенті Абдунаим Сейдмұхаммед мырзалар кесті.
Елімізге, халқымызға, жұртымызға, дінімізге абырой тілеп, ел тұрақтылығына қызмет етіп жүрген Нұр-Мүбарак университетіне жетістіктер мен табыстар тілеген проректор Қ.Құрманбаев:
Алладан осы студияның жұмыстарына ұйытқы болатын «Білім-қазына» қоғамдық қорына толағай табыстар мен береке тілейміз. Жаңа университет құрылысы ойдағыдай аяқталуын, ғылымға бет бұрған жастарымыз көбейіп, әлемдік ислам өркениетін қалыптастыратын білімді де білікті мамандардың шығуын нәсіп еткей,-деп тіледі.
Бұл студия енді университеттегі ғалымдар мен ұстаздардың, елге танымал тұлғалардың сүбелі сұхбат құратын отауына айналады деген сенім мол. Негізгі мақсат, еліміздегі ата дініміздің дұрыс бағытта дамып, имандылықтың өркен жаюына ықпал ету дейді ұйымдастырушылар[6].
• Нұр-Мүбарак университетінің IT орталығына 28 дана ең соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталды.
• Алматы қаласындағы ірі сауда-саттық орындарымен келісе отырып, Университеттің бір жылға жететін тазалық жұмыстарына қажетті заттардан бастап, кейбір кеңсе тауарларына дейін қамтамасыз етуге ықпал еттілді. Жалпы аталған бағыттар бойынша жұмсалған қаражаттардың көлемі:
1. Студенттердің жылдық оқу ақылары, сондай-ақ жол қаражаттарына 23 782 736 (жиырма үш миллион жеті жүз сексен екі мың жеті жүз отыз алты) теңге жұмсалды.
2. Студенттер арасындағы ғылыми және спорттық сайыстарға жұмсалған қаражат 1 364 000 (бір миллион үш жүз алпыс төрт мың) теңгені құрады.
3. IT және қажетті техникаларды 4 611 410 (төрт миллион алты жүз он бір мың төрт жүз он) теңгеге алынды.
4. Университетте өтіп отырған конференцияларға 2 373 500 (екі миллион үш жүз жетпіс үш мың бес жүз) теңге жұмсалды
5. Кітапхананы қажетті кітаптар және жиһаздармен жабдықтауға 2 250 000 (екі миллион екі жүз елу мың) теңге кетті.
6. 12 048 000 (он екі миллион қырық сегіз мың) теңгеге Университет ұстаздарының кітаптарын баспаханадан басып шығартып, Университет түлектері мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кейбір медреселеріне таратылды.
7. Жатақхананың жөндеу жұмыстарына қосқан үлесіміз 861 000 (сегіз жүз алпыс бір мың) теңгені құрады.
8. Тұрақты түрде өтіп тұратын діни һәм мерекелік іс-шараларға жұмсалған ақша 3 494 480 (үш миллион төрт жүз тоқсан төрт мың төрт жүз сексен) теңге болды.
9. Ауызашарлар мен қонақтарға жазылған дастархандарға 4 720 285 (төрт миллион жеті жүз жиырма мың екі жүз сексен бес) теңге жұмсалды.
10. Университеттің жөндеу жұмыстарына және қажетті шаруашылық заттарға 12 663 905 (он екі миллион алты жүз алпыс үш мың тоғыз жүз бес) теңге, бұдан бөлек университет асханасына күрделі жөндеу жұмыстары үшін 3 000 000 (үш миллион) теңге жұмсалды.
11. Қордың жұмыстарын қоғамға таныту мақсатында түсірілген роликтер, жарнамалар, буклеттер, арнайы ыдыстар, жасалған брендбук, мердігерлерге төленген қаражат 23 061 790 (жиырма үш миллион алпыс бір мың жеті жүз тоқсан) теңге болды.
12. 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеге демеушілердің садақа салуларын естеріне салып тұратын «Қазына» деген қосымшаны (приложение) жасалды.
13. Қор қызметкерлерінің жалақысына 3 538 276 (үш миллион бес жүз отыз сегіз мың екі жүз жетпіс алты) теңге жұмсалды.
14. Университеттің жаңадан салынып жатқан ғимаратының құжаттарын рәсімдеуден бастап құрылыс жұмыстарына бүгінге дейін жұмсалған қаражат 230 595 031 (екі жүз отыз миллион бес жүз тоқсан бес мың отыз бір) теңгені құрады. Жоғарыдағы қаражаттардың жалпы көлемі 329 864 413 (үш жүз жиырма тоғыз миллион сегіз жүз алпыс төрт мың төрт жүз он үш) теңгені құрады. Оның 277 057 877,16 (екі жүз жетпіс жеті миллион елу жеті мың сегіз жүз жетпіс жеті теңге он алты) тиыны Қордың есеп шотынан, ал 52 806 535,84 (елу екі миллион сегіз жүз алты мың бес жүз отыз бес теңге сексен төрт) тиыны демеушілердің қаржылай және заттай берген дүниелері. Ал Қор шотында 8 637 903,33 (сегіз миллион алты жүз отыз жеті мың тоғыз жүз үш теңге отыз үш) тиын қалды[7].
«Білім-Қазына» қоғамдық қоры «Нұр-Мүбарак» университетінің жаңа ғимарат құрылысына қаржы тартуда белсенді болған 4 имамға шипажайға жолдама ұсынды[8].
Қасиетті Рамазанның құрметіне Нұр-Мүбарак университетінің 1-курс студенттері “Білім-Қазына” қоғамдық қорының қолдауымен қала тұрғындарына тосынсый жасау шарасын ұйымдастырды! Ramadan LIFE[9]
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігі Білім-Қазына қоғамдық қорының қолдауымен Ramadan-LIFE атты сенбілік өтті. Сенбілік барысында университеттің 1 – курс студенттері ұйымдастыра отырып “Нұркент” шағын ауданының түрлі қоқыстардан тазарттылды.[10]
«Білім – Қазына» қоғамдық қорының қолдауымен Нұр-Мүбарак университеті студенттерінің арасында бұрын-соңды болмаған «Smart Student» мега ойыны ұйымдастырылды. Интеллектуалды ойында нағыз білімді, эмоциялық деңгейі дамыған, кез келген жағдайдан тез жол тауып кететін ұшқыр ойлы студенттерден құралған топтар айқындалды. Университеттің «Исламтану», «Дінтану», «Шет тілдері» және «Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер» кафедраларының студенттері өзара бақ сынаған ойын нәтижесі бойынша жеңімпаздарға кураторларымен бірге Ташкент, Бұқара, Самарқанд қалаларына саяхат сертификаты табыс етілді. Сондай-ақ алғырлығымен көзге түскен келесі бір студенттерге Алтай, Тарбағатай, Түркістан сияқты еліміздің әсем өңірлеріне саяхаттау мүмкіндігі бұйырды.[11]
Нұр-Мүбарак университетінің «Білім-Қазына» қоғамдық қорының қолдауымен Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің маманы Гульвира Заурбекова «Шебер» тігін үйірмесінің ерікті қыздарымен маска тігу жұмыстарын жүзеге асыруда.[12]
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жариялаған студенттер арасында «Тәуелсіздік және дін» атты мүшәйра ұйымдастырылып, «Білім-Қазына» қоғамдық қоры атынан сыйлықтар берілді.[13]
«Білім-Қазына» қоғамдық қоры 9 млн теңге қаржыны қайырымдылыққа жұмсады.[14]
Білім-қазына қорының "Қазына" қосымшасы бар. Қосымша Қазақстандағы жалғыз Нұр-Мүбарак ислам университетінің ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНА көмек беру мақсатында арнайы жасалған.[15]
Қосымшаны телефонға орнату үшін:
•AppStore/PlayMarket-ке кіріңіз
•Іздеу бөліміне қазақша “Қазына” деп жазыңыз
•Алдыңыздан шыққан приложенияны жүктеп алыңыз
•Ішіне кіріп тіркеліп алыңыз
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73.
https://bilimqazyna.kz/ Мұрағатталған 1 ақпанның 2023 жылы.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.