From Wikipedia, the free encyclopedia
Буға пісіргіш (пароварка) — арнайы кастрюль немесе кәдімгі кастрюльге қойылатын тор. Көкөністі және басқа да тағамдарды булап пісіруге қолданылады. Буға пісіргіштің ең ыңғайлысы — оның көлемінің кастрюльдің диаметріне қарай өзгертіп отыруға болатындығы. Кастрюльдің ішіне буға пісіргішті салып, оның аяғы батып тұратындай етіп су құнды да, одан кейін булағышқа көкөністі салып, кастрюльдің қақпағын нығыздап жабады. Котлет пен балықты кастрюльдің түбіне орналастырылған не жиегіне тиіп тұратын сым себетке салып пісіруге болады. Қазіргі кезде сым себеті не металл торлары бар электрлік буға пісіргіш кастрюльдер шығарылады. Мұның жылу көзі қуаты 1000 Вт болатын труба тәрізді электрлі жылытқыш болып табылады. Бұға пісіргіштің сыйымдылығы 4 л, суы 15—17 минутта қайнайды. Оны электр көзіне ішіне су құйылғаннан кейін қосу керек.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.