Бушмейстер - улы жыландардың ішіндегі ірісі болып саналады. Олар - сур жыландар тобына жататын шұңқырбасты жылан. Ересек бушмейстердің ұзындығы - 2,5- 3 м. Салмағы - 3-5 келі шама- сында. Ауыр болмаса да, ұзын улы жыландар қатарына жатады. Бушмейстер жыланының негізгі қорегі - кеміргіштер және ұсақ жәндіктер Денесі сарғыш-қоңыр түсті. Арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан бурыл түсті ромб тәріздес қабыршақтар жапқан. Қабыршақтары түлейді. Бушмейстер жыланының құйрығы қатты. Құйрығында сылдырмағы болмаса да, өсімдіктерге соққан кезде дүңкілдеген дыбыс шығарады. Улы тістерінің ұзындығы - 2,5 см. Уын көбіне жемтігін аулаған кезде ғана қолданады. Қорегін аулауға тек түнде шығады. Кеміргіштермең кейде құстармен, кесірткелермең басқа жыландармен қоректенеді. Аналықтары кеміргіштердің ініне 10-20 жұмыртқа салады. 76-80 күнде жас жыландар тірідей жарып шығады да, бірден қорегін аулауға кіріседі. Екі жылдан кейін жыныстық жағынан жетіледі. Бушмейстер жыланы сирек кездеседі, өйткені олар далалық жерлерде дара тіршілік етеді. Уы қауіпті болғанымең адам өліміне соқтыруы сирек. Өйткені үлкен көлемде у шығарып, қатарынан бірнеше рет шағуға қауқарсыз. Тіршілік ету ортасы - тропикалық ормандар, таулы аймақтар және су жағалаулары. Бушмейстерлер - Орталық және Оңтүстік Америкадан Тринидад аралығына дейін таралған. [2]

Дереккөздер

  1. McDiarmid RW, Campbell JA, Touré T. 1999. Snake Species of the World: A Taxonomic and Geographic Reference, vol. 1. Herpetologists' League. 511 pp. ISBN 1-893777-00-6 (series). ISBN 1-893777-01-4 (volume).
  2. 1100 қызықты деректер, Улы жәндіктер, 12-ші бет
Quick Facts Бушмейстер, Ғылыми топтастыруы ...
Бушмейстер
Thumb
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Бауырымен жорғалаушылар
Сабы: Қабыршақтылар
Кіші сабы: Жыландар
Тұқымдасы: Сұр жыландар
Кіші тұқымдасы: Crotalinae
Тегі: Lachesis
Түрі: Lachesis muta
Екі-есімді атауы
Lachesis muta
(Linnaeus, 1766)
Синонимдері
  • [Crotalus] mutus Linnaeus, 1766
  • [Coluber] crotalinus Gmelin, 1788
  • Scytale catenatus Latreille In Sonnini & Latreille, 1801
  • Scytale ammodytes Latreille In Sonnini & Latreille, 1801
  • Coluber Alecto Shaw, 1802
  • Lachesis mutus Daudin, 1803
  • Lachesis ater Daudin, 1803
  • Trigonocephalus ammodytes
    Oppel, 1811
  • [Cophias] crotalinus
    Merrem, 1820
  • Trigonoceph[alus]. crotalinus
    Schinz, 1822
  • Lachesis muta Schinz, 1822
  • Lachesis atra Schinz, 1822
  • Scytale catenata Schinz, 1822
  • Bothrops Surucucu Wagler, 1824
  • C[rasedocephalus]. crotalinus
    Джон Эдуард Грей, 1825
  • Lachesis mutus A.M.C. Duméril, Bibron & A.H.A. Duméril, 1854
  • Lachesis mutus Boulenger, 1896
  • Lachesis muta Boettger, 1898
  • Lachesis muta muta Taylor, 1951[1]
Close

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.