Бурабай ұлттық паркі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақмола облысының солтүстігінде «Бурабай» ұлттық паркі орналасқандығы баршамызға мәлім. Бурабайдың тау-тасы да, көлі де, жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы. Көкше жеріндегі Бурабайдың тамаша табиғаты, тылсым бейнесі – қарағайлы орманы, бір-бірінен көлдері арқылы бөлініп жатқан қатпарлы жартастары, биік құз басындағы тастары мен шыңдары небір бейнені көз алдыңа елестетеді.
Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі | |
ХТҚО санаты — II (Ұлттық парк) | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Ауданы | 129 299 га |
Құрылған уақыты | 12 тамыз 2000 жыл |
Басқаратын ұйым | ҚР Президентінің Іс Басқармасы |
Сайты | http://parkburabay.kz/ |
Орналасуы | |
53°05′00″ с. е. 70°18′00″ ш. б.53.0833° с. е. 70.3° ш. б. / 53.0833; 70.3 (G) (O) (Я) (T) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола облысы |
Аудан | Бурабай ауданы |
Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ортаққорда |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркі 2000 жылы тамызда құрылды.
Бурабайдың әрбір қия тасына аңыздар негізінде және бейне ерекшелігіне қарай ат қойып отырған: Оқжетпес, Жұмбақтас. «Жұмбақтасты» бір қырынан қарасаң – бұрымды жас қызға балайсың, екінші қырынан қарасаң - орамал тартқан келіншекке балайсың, үшінші қырынан қарасаң – бетіне әжім түскен кемпірге балап таңқаласың.
Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады. Сонымен қатар, Сары-арқаның, Көкшетау тауларының аралығында бір-біріне жақын орналасқан ұсақ көлдер тобы бар. Олар суының тазалығымен ерекшеленеді.