![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/bf/Bromine_25ml_%2528transparent%2529.png/640px-Bromine_25ml_%2528transparent%2529.png&w=640&q=50)
Бром
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бром (лат. Bromum, ежелгі грек. βρῶμος – сасық; Br) — элементтердің периодты жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Атомдық нөмірі 35 және 79,904 галогендер тобына жатады. Тұрақты екі изотопы бар: 79Br, 81Br. Б-ды 1826 жылы француз химигі А. Балар бос күйінде бөліп алды. Бром қалыпты жағдайда өткір иісті, қызыл қоңыр түсті, ауыр сұйық. Ауада тез буланып, сары қоңыр түсті бу түзеді, 0ӘС-тағы тығызд. 3,19 г/см3, қайнау t 58,78ӘС, балқу t –7,2ӘС. Жер қыртысындағы мөлш. 1,6Һ10–4%.
| |||||||||||||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Күшті жағымсыз" ауыр " иісі бар қара қызыл сұйықтық ![]() | |||||||||||||||
Атом қасиеті | |||||||||||||||
Атауы, символ, нөмірі |
Бром, 35 | ||||||||||||||
Топ типі | |||||||||||||||
Топ, период, блок |
17, 4, p | ||||||||||||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||||||||||||
Электрондық конфигурация |
[Ar] 3d10 4s2 4p5 | ||||||||||||||
Қабықшалар бойынша электрондар |
2, 8, 18, 7 | ||||||||||||||
Атом радиусы |
119 пм | ||||||||||||||
Химиялық қасиеттері | |||||||||||||||
Ковалентті радиус |
120±3 пм | ||||||||||||||
Ван-дер-Ваальс радиусы |
185 пм | ||||||||||||||
Ион радиусы |
(+5e)47 (-1e)196 пм | ||||||||||||||
Электртерістілігі |
2,96 (Полинг шкаласы) | ||||||||||||||
Электродты потенциал |
0 | ||||||||||||||
Тотығу дәрежелері |
−1, +1, +3, +4, +5, +7 | ||||||||||||||
Иондалу энергиясы |
1-ші: 1139.9 кДж/моль (эВ)
| ||||||||||||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||||||||||||
Термодинамикалық фаза | |||||||||||||||
Тығыздық (қ.ж.) |
3,102 (25 °C) г/см³ | ||||||||||||||
Балқу температурасы |
265,90 К (−7,25 °C)[1] | ||||||||||||||
Қайнау температурасы |
332,4 К (59,2 °C)[1] | ||||||||||||||
Сыни межелі |
588 К, 10,0 МПа | ||||||||||||||
Балқу жылуы |
(Br—Br) 10,58[1] кДж/моль | ||||||||||||||
Булану жылуы |
(Br—Br) 30,86[1] кДж/моль | ||||||||||||||
Молярлық жылусыйымдылық |
75,69[1] Дж/(K·моль) | ||||||||||||||
Молярлық көлем | |||||||||||||||
| |||||||||||||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||||||||||||
Тор құрылымы |
орторомбалық | ||||||||||||||
Тор параметрлері | |||||||||||||||
Басқа да қасиеттері | |||||||||||||||
Жылуөткізгіштік |
(300 K) 4,5[1] Вт/(м·К) | ||||||||||||||
Жылулық ұлғаю |
1,10·10−3 К−1[1] | ||||||||||||||
CAS нөмірі |
7726-95-6 |
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/01/Bromine.svg/640px-Bromine.svg.png)
Табиғатта теңіз суында, тұзды көлдерде, табиғи хлоридтерде кездеседі. Бром сирек кездесетін ромаргирит (AgBr) және эмболит Ag(Cl, Br) минералдарын түзеді. Химиялық активтігі жөнінен хлор мен иод арасында орналасады. Көптеген бейметалдармен (Ca, N, C, инертті газдар) және металдармен тікелей әрекеттеседі, қышқылдармен реакцияға түспейді. Сілтілермен реакцияласқанда гипобромит (салқындатқанда) және броматтар (қыздырғанда) түзеді.
Сутегімен әрекеттесіп бромсутегін береді, оның судағы ерітіндісі қышқылдық қасиет көрсетеді. Олар өткір иісті сұйық, күшті қышқылдар қатарына жатады. Бромды сутек қышқылының тұздарын бромидтер деп атайды. Бром суы және бромидтер ерітіндісі арқылы хлор жібергенде Бром бос күйінде бөлінеді. Бұл реакция теңіз суынан және тұзды көл суларынан бром алу үшін пайдаланылады. Бром және оның қосылыстарын органикалық синтезде, фотоматериалдар мен бояулар алуға және дәрі-дәрмек өндіруге пайдаланады.