Бремен (жер)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ерікті ганзейлік қала Бре́мен (нем. Freie Hansestadt Bremen) — Германияның ең кіші жері, орталарын Төменгі Саксония бөліп жатқан, бір-бірінен 60 шақырым жерде орналасқан Бремен және Бремерхафен қалаларынан тұрады. Германияның солтүстік-батысында, Везер өзеніндегі ірі кемежай. Бремен жері территориясының автобандарында 130 км/сағ аса жылдамдықпен қозғалуға болмайды, солай Бремен Германияның автобандарында қозғалысқа тежеу бар жалғыз федералдық жер.
Федералды жер | |||||
Бремен | |||||
Freie Hansestadt Bremen | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Премьер-министр |
Йенс Бёрнзен СДПГ | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Жер аумағы |
404,28 км² | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
660 180[1] адам | ||||
Тығыздығы |
1499,40 адам/км² | ||||
Ерікті ганзейлік қала Бре́мен Бавариямен қатар неміс жеріндегі ең көне мемлекеттік жасалу болып табылады, Сан-Маринодан кейін "жас" бойынша, қазіргі қалалық республикалар арасында екінші орында. Тарихи тұрғыдан Бремен Бремерхафеннан көптеген ғасырларға көне. 787 жылы епископ резиденциясы болып қаланған Бремен, нарықтық жеңілдіктер арқылы құлпырды. 11 ғасырда "солтүстік Рим" болып саналған. 1358 жылы Бремен Ганзейлік одаққа енеді, ол одақ 16 ғасырға дейін Еуропаның солтүстік жане шығысында саудада доманантты роль атқарады.