Боғда шыңы - Қытайдың Шыңжаң өңіріндегі биіктігі 5445м шың болып, Тәңір тауының Еренқабырға бөлігінде орналасқан. Ол әлемдегі ең биік 17-ші шың. Оған тұңғыш рет Iwao Nakai бастаған Жапония алписнистері 1981 жылы шыққан болатын, бұл шың әлемдегі шыңға шығушыларды қызықтыратын шыңдардың бірі.
Шыңның аты көне түркілердің "Тәңірінің шыңы" деген мағынадағы сөзінен шыққан. Ежелгі түркілер арасында Боғда шыңы туралы біршама ертегі-аңыздар бар.
Боғда шыңы Қытай иелігіндегі түркі халықтары жайласқан батыс солтүстік өңірінде. Ол Үрімжі қаласы мен Санжы Дұңған автономиялы ауданы арасында орналасқан. ОЛ ШУАР облысының Үрімші қаласынан 50км шығыста, Қазақстаннан 430 км шығыс-солтүстік тұста жатыр.
Боғда шыңы өңірінде Тәңірсуы (Тяьнци) табиғи қорығы бар. Бұл қорықтағы тау басына орналасқан Тәңірсуы көлі 2013 жылы UNESCO тарапынан әлемдік мұралар тізіміне енген болатын.
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.