Бояу (матаны бояу). Бояуды дұрыс таңдап алу үшін матаның қандай талшықтан жасалғанын анықтау керек. Бұл үшін матаның ұзыны мен енінен бір-бір жіп суырып алып, оларды сіріңке талымен абайлап күйдіреді. Егер жіп тез, бірқалыпты, жарық жалынмен, күйген қағаздың иісі шығып, күлі тез үгітілетін болса, онда бұл өсімдіктен алынған немесе вискозды талшық. Ацетатты жібек те тез жанады, бірақ жіптің ұшында қоңыр-қошқыл түсті түйнек пайда болып, жанып біткен кезде сірке қышқылының иісі сезіледі. Капрон мен нейлон жанбайды, жұмсақ түйнек түзік балқиды. Малдан өндірілетін талшықтардан жасалған жіптер нашар жанып, ұшында қол тигенде үгітіліп кететін түйнек пайда болады: жанған кезде күйген сүйектің иісі шығады. Турлі материялдарды бояғанда түстер араласатын болғандықтан алынған түс басқа болады, (мысалы, көк бояумен боялған сары түсті мата жасыл тусті болып шығады).[1]
Тағы қараңыз
- Бояу үшін су мен ыдыс дайындау
- Бояуға дайындау
- Бояуғыш ерітінді даярлау
- Жүн және жүннен жасалған бұйымдар
- Бір орам жіпті 3-4 түске бояу
- Табиғи жібектен жасалған және жартылай жібек маталар
- Боялған маталар мен бұйымдарды өңдеу
- Бояудың ойдағыдай шықпау себептері және оны жөндеу жолдары
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.