![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/9e/Camelcalf-feeding.jpg/640px-Camelcalf-feeding.jpg&w=640&q=50)
Бота
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бота, ботақан, көшек (орыс. верблюжонок) — түйенің бір жасқа дейінгі төлі.
Отықпаған 1-2 айлық ботаны ботақан деп те атайды. Б.-ың шыққан тегіне, енесінен туғандағы дене ерекшеліктеріне, туған мерзіміне, асырауына т.б. ерекшеліктеріне қарай тіркеме атаулары көп. Жаңа туған б. өте нәзік болады, өз бетімен ауыздана да, аяқтана да алмайды. Б.-ны ауыздандыру үшін оны бауырынан көтеріп, ене сүтін тойғанынша емізеді. Енесінің сүті аз болып, б. жарымаса, әбден оттыққанша енесін саумайды. Б.-ны туысымен жылы қорада жабулап ұстайды. Б.-лы түйелерді күн әбден жылынғанша ауыл арасынан ұзатпайды. Б. әбден ширап, ойнақтауға жараған уақытта ғана енесімен өріске жіберіледі. Б.-ың жақсы өсуі үшін енесін суалтпайды. Б. енесін бір жылға дейін еме береді.
Бота түйенің түріне қарай төрт топқа бөлінеді. үлек бота, таза үлек пен аруанадан туған, айыр бота, бура мен інгеннен туған, нар бота, нарға тартқан, қоспақ бота, інген мен біртуардың бурасынан туған.