Болмыс және уақыт
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Болмыс және уақыт» (нем. Sein und Zeit, ағылш. Being and Time) — неміс философы Мартин Хайдеггер 1927 жылы жариялаған әйгілі туындысы. Бұл дәуір бөлгіш туынды асығыста жазылса да, кітапта кіріссөзінде жоспарланған міндет толық орындалмаса да, бірақ бұл туынды ХХ ғасыр мәдениетіне, әсіресе экзистенциализм, герменевтика, деконструкциялау ағымдарына терең ықпал етті. Кітап Хайдеггердің досы және жетекшісі Эдмунд Гуссерльге бағышталды.