From Wikipedia, the free encyclopedia
Бойдана (Trіgonella) – бұршақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуразияның қоңыржай белдеулерінде, Африкада, Австралияда өсетін 130-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда батпақты жерлерде, тау беткейлерінде, егістіктерде өсетін 5 түрі бар. Жапырақтары үш салалы қауырсынды, шеті тісті. Гүлдері сары, көкшіл, қызғылт түсті, шатырша гүлшоғырына топталған. Аталығы 9, олар түтікше тәрізді біріккен. Сәуір – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бір кейде көптұқымды бұршақ. Бойдананың кейбір түрлері бағалы мал азығы, шабындық ретінде де пайдаланылады. Балды өсімдіктер. Бау-бақшада Бойдананы көбінесе дәм-татымдық өсімдік ретінде өсіреді.[2]
Бойдана | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
T. foenum-graecum
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Species | ||||||||||||||||
See text. | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
Folliculigera Pasq.[1] |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.