From Wikipedia, the free encyclopedia
Джек Блэк— XIX ғ. ортасындағы Виктория ханымның ауласында жүрген егеуқұйрық аулаушы. Одан басқа ол кроттарды да аулайтын болған. Джек өзгеше жайма форманы киіп жүрген. Бұл форма алқызыл пальтодан, жилет пен бриджидан түрған. Пальто сыртынан R және V деген үлкен әріптер, оның етік жанынан қалайыдан жасалған егеуқұйрықтардың екі мүсіні болған.
Оған бастапқы атақты алып келген Генри Мэйхьюдың «London Labour and the London Poor» атты сықағы болды. Осы шығармада ол Генриға өзінің жұмысының қызықтарымен немесе егеуқұйрық тістеп алып өліп те қалуға қалғаны туралы айтады.
Өінің жұмысының қызығы да аз емес болған. Мысалы, егер Джек бір ерекше түсті тышқандарды тауып алса, оларды өлтірмей жаңа түр шығару үшін оны бағып, өсіреді. Бірақ егеуқұйрықты жастарға сату, әлдеқайда көп ақша алып келетін. Беатрис Поттер сондай жастардың бірі болған. Ол «Сэмюэль Вискерс» атты кітапті өзінің егеуқұйрығына арнаған. Кейбір адамдар егеуқұйрықты әдемі қапастарда сақтайтын болған. Мысалы, Виктория ханым.
Сонымен қатар, Джек балық пен құстарды аулайтын болған. Бірақ оларды тек ғана қорек ретінде қолданған. Осымен тоқтамай, Джек иттермен де жақсы тіл табысқан.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.