Биіктік белдеулері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Биіктік белдеулері, вертикал белдеулер — бірінен кейін екіншісі кезектесіп орналасқан, табиғат жағдайларының бүкіл кешені бойынша біршама біртекті, кейде үзілмелі болып келетін таулардағы ландшафт өңірлері (атыраптары). Бір беткейді немесе бүкіл тау жүйесін қамтитын үлкен аумақта созылып жатады (мысалы, Тянь-Шань тауларындағы орманды-шалғындық, далалық, субальпілік, гляциалдық-нивалдық биіктік белдеулері).[1]
Биіктік белдеулік — таудың биіктігіне қарай климат өзгеруі. Негізінде климаттың биіктік бойынша өзгеруімен, дәлірек айтқанда, ауа температурасының (орта есеппен, биіктеген сайын 5°С-қа), тығыздығының, қысымының төмендеуімен, Күн радиациясының қарқындылығының артуымен, сондай-ақ (2-3 шақырым биіктікке дейін) бұлттылық пен жылдық жауын-шашынның көбеюімен байланысты болады.