Бискай шығанағы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бискай шығанағы — Атлант мұхитының шығанағы.
Бискай шығанағы баск Bizkaiko Golkoa, фр. Golfe de Gascogne, ис. Golfo de Vizcaya | |
Жерсеріктен көрінісі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 223 мың км² |
Тереңдігі | 4735 м |
Орналасуы | |
45°05′27″ с. е. 3°54′27″ б. б.45.0908° с. е. 3.9075° б. б. / 45.0908; -3.9075 (G) (O) (Я) (T) | |
Өзінен жоғары акватория | Атлант мұхиты |
Елдер | Испания Франция |
Аймақтар | Баскония, Кантабрия, Астурия, Жаңа Аквитания |
Аудандар | Гипускоа, Бискайя, Атлантикалық Пиреней, Ландтер, Жиронда, Шаранта-Маритим |
Бискай шығанағы Ортаққорда |
Еуропаның батысында, Испания мен Франция мемлекеттері жағалауында орналасқан. Аумағы 200 мың км2. Ең терең жері 5120 метр. Шығанаққа Луара және Гаронна өзендері құяды. Құрлық жағалауы солтүстікке қарай қатты тілімденген, тік жарлы. Мұнда Бель-Иль, Нуармутье, Ре, Олерон және т.б. аралдар орналасқан. Жиронда өзенінен оңтүстікке қарай жағалауы ойпатты, аз тілімденген, аккумуляттық типке жатады. Пиреней түбегінің жағалауы жартасты, қойнауы тар. Шығанақта күшті желдер жиі соғады. Судың температурасы ақпанда солтүстікте 5 — 6 оС, оңтүстікте 12 — 13оС, тамызда солтүстікте 10оС, оңтүстікте 20—22оС, тұздығы 34 — 35,5%. Судың толысуы жарты тәулік сайын қайталанады, оның орташа биіктігі 4,5 — 5 метр, кейде 7,0 метрге жетеді (Бретан түбегінде). Балық аулау (камбала, анчоус, майшабақ, сардина, албырт) кәсіпшілігі дамыған. Басты порттары: Брест, Бордо (Франция), Сан-Себастьян, Бильбао, Хихон (Испания).[1]