Биологиялық регресс
From Wikipedia, the free encyclopedia
Биологиялық регресс те эволюцияның бағыты.
Биологиялық регресс — организмдердің таралу аймағын азайтады; түрлер мекен ету ортасына дұрыс, жақсы бейімделе алмағандықтан саны азаяды; басқа түрлердің ығыстыру себебінен өліп, жойылып бітеді. Өткен геологиялық дәуірлерде артына ұрпақ қалдырмай өте көп түрлердің жойылып кеткенін палеонтология дәлелдеп берді. Биологиялық прогрессте түрлер дамып, көбейіп, жер жүзіне кең таралса, биологиялық регрессте бейімделе алмаған кейбір түрлер тіршілігін бірте-бірте жояды.
Сонымен биологиялық регрестердің себебі: сыртқы орта жағдайының өзгеруіне организмдердің әсер ету қабілетінің жойылуы.
Биологиялық регреске ұшырағандар:
1. Паразитті тіршілік етуге көшкендер;
2. Қозғалмай бекініп, тіршілік ететіндер;
3. Жер астында және үңгірлерде тіршілік ететін жануарлардың жеке мүшелерінің қарапайымдануы.