From Wikipedia, the free encyclopedia
Бестөбе барит-полиметалл кен орны - Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданындағы ірі барит-полиметалл кен орны. 1956 жылы ашылып, 1961-1965 жылдары барланған.
Кен орны ортаңғы палеозойлық Жайылма синклиналінің солтүстік-шығыс жағын құрайтын жоғарғы девон кезеңі шөгінділерінде орналасқан. Тақташа және линза тәрізді кен денелері жер бетіне жақын жатыр және 30-50 м тереңдікке дейін тотыққан.
Кентастарда 2%-ке жуық қорғасын мен мырыш, 60%-ке жуық барит бар. Күміс, мыс, кадмий, индий, т.б. кездеседі. Негізгі минералдары: галенит, сфалерит, барит. Кенді ашық әдіспен өндіруге болады. Мұндағы қорғасын мен мырыш түсті металлургияның, ал барит әр түрлі өндірістің маңызды шикізаты. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.