![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/62/Cynodon_dactylon_2.jpg/640px-Cynodon_dactylon_2.jpg&w=640&q=50)
Бессаусақ қарашағыр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бессаусақ қарашағыр немесе Қара Ажырақ (→Қара Ажырық) (лат. Cynodon dactylon) – астық тұқымдасының қарашағыр туысына жататын өсімдік. Төселе жайылып өсетін ұзын тамыр сабақты көп жылдық өсімдік.
Ботаникалық сипаты
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c8/Cynodon_dactylon_%E2%80%94_Flora_Batava_%E2%80%94_Volume_v10.jpg/640px-Cynodon_dactylon_%E2%80%94_Flora_Batava_%E2%80%94_Volume_v10.jpg)
Бессаусақ қарашағыр | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Cynodon dactylon (L.) Pers. |
Сабағы тік, биіктігі 8 – 50 см, жер астындағы жатаған өркені шым түзеді. Жапырағы қандауыр пішіндес, түкті немесе тықыр. Гүлшоғыры 3 – 7 масақты шоғырланған бұтақша. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте тұқымы піседі. Қара Ажырақ – суғармалы егістіктің арамшөбі. Күрес шаралары: ауыспалы егіс жерді сыдыра жырту, күзде терең айдау. Алаңдарды шымдандыру үшін егіледі.
Таралуы
Қарашағырдың тропиктік, субтропиктік және қоңыржай климаттық белдеулерде өсетін 10-ға жуық түрі өседі. Қазақстанда бессаусақ қарашағыр көп тараған. Шөптесін өскен тау беткейлерінде, шалғындарда, өзен жайылымдарында, тыңайған егіндіктерде, жол бойында өседі және бау-бақша мен егістік жерлерде арамшөп ретінде кездеседі.
Шаруашылықтағы қолданысы
- Жайылымдарда малдың құнарлы азығы.
- Көгалдандыру, аэродромдар мен спорт алаңдарына шым төсеу үшін қолданылады.
- Топырақ эрозиясымен күресуде пайдаланылатын ең басты өсімдік. [1]
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5