From Wikipedia, the free encyclopedia
Беріш — Алшын тайпасынан тарайтын 18 рудың бірі. Алшын тайпасының Байұлы рулар бірлестігінен тарайды.
Кіші жүздің Байұлының ішіндегі адам саны ең көп ру - Беріш. Б.Кеппенің (1851 жыл) мәліметі бойынша Бөкей Ордасының өзінде ғана Беріш руы 3 600 отбасын құраған. (Әр отбасы шамамен 5 адамнан) Орташа есеппен сонда адам саны 18 000-ға жеткен. Бұл ру жөнінде ең алғашқы 1748 жылғы Тевкелев құрған Кіші жүз қазақтарының ру-тайпалық құрамы деген еңбектерінде айтылады. Сол сияқты Беріш руы 1829 жылы шенеулік Ларионовтың берген рапортында, Левшиннің жазған руларының тізімінде де берілген. Беріш руы 9 жікке бөлінеді: Жайық, Есенқұл, Қаратоқай, Күлкеш, Бегіс, Есен, Жаңбыршы, Себек, Бесқасқа.
Шежіре бойынша, Кіші жүздегі Байұлы бірлестігі құрамына енеді. Есенқұл, Қаратоқай, Жайық, Жаңбыршы, Себек, Бегіс, Есен, Құлкеш аталарына таратылады. Беріш тайпалық бірлестігінің құрамына енген аталардың тарихы әріден басталады. Мәселен, Беріш тайпасының ең іргелі руы — Жайық. Ол өз есімін не Жайық өзеніне берген, не есімін Жайық өзенінен алған. Ал Жайық өзені болса, ол б.з. 2 ғасырынан бастап белгілі.
Оңтүстік орыс даласында Бурчевичер ең ұлы ордалардың бірі болып, Русь-Қыпшақ даласы арасындағы барлық саяси оқиғаларға белсене араласқан. Бұл кездегі Беріштердің ханы атақты қолбасшы Боняк болған. Орданың орналасқан мекені Днепр өзенінің сол жақ сағасы. Деректерде 10–11 ғасырлар аралығында Беріштердің Батыс тарапқа үнемі жылжи отырып, Днепрге жеткені аңғарылады. Днепрдегі Беріш ордасы 1245–1300 жылдар аралығында Алтын Орданың әскербасы Ноғайдың қарамағында болды. 1300 жылы Ноғай өлгеннен кейін Алтын Ордадан шеттей бастаған оның жұрты ханның жарлығымен Еділ-Жайық арасына көшірілді. Ноғайлы ұлысының құрамында Беріштер де болды. Ноғайлы ыдыраған соң, 16–18 ғасырлар арасында Беріштер Кіші жүз қауымымен аралас-құралас түстікте Бұхардан бастап терістікте Мұғалжар тауына дейінгі жерлерді жайлаған. 17 ғасырдың 30-жылдарында олар Еділ-Жайыққа ентелеген торғауыт қалмақтарына қарсы күрес жүргізген. Мұғалжардан қалмақты Есет батыр өткізбеген. Беріш қауымынан Есетке ілесе ел қорғаған батырлары Ағатай, одан кейінгі дәуірлерде Жаубасар, Есболай, Итемген, Қара, Саржала батыр, Құлбарақ, Исатай мен Махамбет, сондай-ақ, Есет Қараұлы, Мұрат Мөңкеұлы сынды ақын-жыраулар шықты. Беріш тайпасының ұраны — Ағатай, таңбасы — жебе (<).[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.