Беларусь саясаты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Беларусь Конституциясы бойынша Беларусь — президенттік республика жүйесіндегі тәуелсіз мемлекет, оның Мемлекет басшысы — президенті, үкімет басшысы — премьер-министрі, заң шығарушы органы — екіпалаталы Беларусь Ұлттық Жиналысы атты парламенті.[1]
1994 жылдан бастап президенті — Александр Лукашенко[2] және 2020 жылдан бастап премьер-министрі — Роман Головченко.[3] Ұлттық Жиналыстың екі палатасы, жоғарғы Республика Кеңесі[4] және төменгі Өкілдер палатасы[5]. Парламент палаталарының екеуінде де мандаттарының көпшілігіне ие саяси партия — про-президенттік Белая Русь партиясы.
Лукашенконың авторитарлық әкімішілігі,[6] жеке басына табынуы,[7] оппозицияға қысым көрсетуі[8] себебімен «Еуропаның соңғы диктаторы»[9][10] лақап атын алған. Елдегі сайлаулар демократиялық болып саналмайды.[11][12]