Беларусь операциясы
Ұлы Отан соғысындағы кеңес әскерінің шабуыл операциясы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Беларусь операциясы иә Багратион операциясы (1944) – Ұлы Отан Соғысында 23 маусымнан 29 тамызға дейін Совет қарулы Күштері жүргізген аса ірі стратегиялық шабуыл операцияларының бірі.[1] Операция Батыс Двинадан Припять өзеніне дейінгі (1000 км-ден астам) және Днепрден Висла мен Нарва өзендеріне дейінгі (600 км-ден астам) орасан зор территорияны қамтыды. Бұл территорияның неміс басқыншыларының қорғаныс жүйесінде маңызы зор болды.
Оны Германия шекарасын бөгеп тұрған қалқан деп есептеді. Сондықтан неміс командованиесі бұл жерге «Солтүстік» пен «Солтүстік Украина» армияларының бірсыпыра күштерін және «Орталық» армияның негізгі топтарын – барлығы 63 дивизия және 3 бригаданы (800 мыңнан астам адам, 10 мыңдай зеңбірек, 900 танк, 1300-ден астам ұшақ) шоғырландырды. Жау Батыс Двина, Днепр, Березина сияқты өзендері және орманды, батпақты жерлерді пайдаланып, өн бойы 250-270 км-ге жететін алдын ала қорғаныс шебін жасады.