Бекет Өтетілеуов
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бекет Өтетілеуов (1.7. 1883, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы – 9.7.1949) – ақын, аудармашы, ағартушы, педагог.
- Екі класты орыс-қазақ мектебінде, кейін мұғалімдер даярлайтын курста оқыған.
- 1907 жылдан өмірінің соңына дейін ұстаздық қызметпен айналысқан.
- 1923 – 1925 жылдары Қостанайда Ы.Алтынсарин ашқан, кейін Қазкоммуна аталған мектепте меңгеруші.
- 1925 – 1929 жылдары округтік оқу комитетінің төрағасы.
- 1930 – 1949 жылдары орыс тілінің мұғалімі болды. Өтетілеуов Ыбырай салған ағартушылық жолды жалғастыра жүріп, аудармашылық, жазушылықпен де шұғылданды.