From Wikipedia, the free encyclopedia
Бейімделген иммунды жүйе (ағылш. Adaptive immune system, кейде Қабылданған иммунды жүйе деп аталады, ағылш. Аcquired immune system) — иммунды жүйенің тармақ жүйесі болып, ол арнаулы жүйелік жасушалардан және патогендердің өсімін тосу арқылы патогендердің өзін жою процесстерінен құралады. Омыртқалыларда болатын екі негізгі иммунитет стратегиясының бірі осы кейін қабылданған Бейімделген иммунды жүйе, ал екіншісі Тума иммунды жүйе).
Бейімделген иммунды жүйе арнайы бір патогенге алғашқы реакциядан соң иммунологиялық жады қалыптастырады да, кейін осы патогенмен байланысқан кезде қарсыжауабын (response) күшейтеді. Бейімделген иммунды жүйенің бұл процесі вакцинацияның негізі болып табылады. Тума жүйе секілді, кейін қалыптасқан жүйе гуморалдық иммунитет құрамдарын да, жасушалық иммунитет құрамдарын да қамтиды.
Тума иммунды жүйеден өзгеше түрде бейімделген иммунды жүйе арнаулы бір патогендерге жоғары деңгейде арнайы бағытталады. Бейімделген иммунитет ұзақ жалғасатын қорғаумен қамдай алады; мысалы, қызылшадан айыққан адам қызылшадан өмір бойы қорғалған болады. Кей жағдайларда өмір бойы қорғаумен қамтамасыз етпейді; мысалы, желшешек. Бейімделген иммунды жүйенің қарсыжауабы шабуылдаған патогендер мен олар шығарған барлық улы молекулаларды жояды. Кейде бейімделген иммунды жүйе бөгде молекулалардың зияндылары мен зиянсыздарын ажырата алмайды; оның салдары ретінде поллинозды, астманы және кез-келген басқа аллергияны айтуға болады.
Антигендер - бейімделген иммунды қарсыжауапты (response) алып шығатын кез-келген заттарға (мейлі ағзаға бейімделгіш болсын, немесе бейімделмес болсын) қаратылады.
Бейімделген иммунды қарсыжауапты іске асыратын жасушалар лимфоциттер деп аталатын ақ қан жасушалары есептеледі. Антиденелер қарсыжауабы және жасушалық иммундық қарсыжауабы сынды екі негізгі белсенділік В жасушалары және Т жасушалары деп аталатын ұқсаммайтын екі түрлі лимфоциттер арқылы жүзеге асады. Антидене қарсыжауаптарында В жасушалары иммуноглобулиндер деп аталатын ақуыздарды антиденелер ретінде бөліп шығаруға белсендіріледі. Антиденелер қанайналасы арқылы ағып, бөгде антигенмен қосылады да, оны белсенсіздендіріп (inactivate), антигеннің денеге қосылуына жол бермейді.
Қабылданған иммунитетте арнайы патогендік қабылдауыштар (receptor) ағзаның бүкіл ғұмыры барысында "қабылдап отырады", ал тума иммунитетте арнайы патогендік қабылдауыштар сызықты жыныс жасушасында (Germline) әлдеқашан кодталған болады. Қабылданған иммунды жүйенің қарсыжауабы "бейімделгіштік" деп аталады, өйткені ол ағзаның иммунды жүйесін болашақ қиындықтарға дайындайды (дегенмен, ол автоиммунитет қалыптастырғанда ол "бейімделмейтін" болуы да мүмкін).[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.