![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/ac/Lake_Balkhash.jpg/640px-Lake_Balkhash.jpg&w=640&q=50)
Бақанас (арна)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бақанас — Іле өзенінің құрғап қалған ескі арнасы. Бақанас ауылының солтүстік тұсынан басталады. 80 км-ден соң Шет Бақанас, Орта Бақанас және Нарын тармақтарына бөлінеді. Ұзындығы 300 км-дей бұл тармақтар Іле өзенінің ескі атырауын құрайды. Арнаның ені 150 — 600 м, табанын құм аралас қиыршық тастар түзеді. Құмды-сазды жағаларының кей тұсы 5 м-ге жететін тік жар болып келеді. Жағалауын бойлай жыңғыл, шеңгел және тораңғы, шоқ, сексеуіл өседі.[1]
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![A.](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/ac/Lake_Balkhash.jpg/640px-Lake_Balkhash.jpg)
![A.](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6e/Balkhash_labeled_ru.jpg/640px-Balkhash_labeled_ru.jpg)
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |