![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/68/Isfahankualalumpur.jpg/640px-Isfahankualalumpur.jpg&w=640&q=50)
Бауырлас қала
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бауырлас қала (Twin towns and sister cities) — географиялық және саяси басқару жағынан бір-біріне тіке қатысы жоқ болса да, бірақ ондағы тұрғындар мен мәдениетінде, тарихында, дамуында көптеген ұқсастықтары бар қалалар ортасындағы өзара жақын тарту, ағайындық, бауырластық, әріптестік байланыс . Олардың көптеген ұқсас ерекшеліктері болса да, бірақ бәрі бірдей ұп-ұқсас болмайды. Әрине, әріптес қаланың ұқсастығы түрлі қалада түрліше мағынада қолданылады. Біреулерінде тарихы ұқсас, біреуінде көрінісі ұқсас, тағы біреуінде мәдени мұралары ұқсас дегендей. Мұндай салыстыру құрлық аттаған және белгілі бір нақты талаппен шектеле бермейді. Қаланың өзіндік артықшылығына орай әлемнің басқа бір сондай қаласы оған ағайын, әріптес, бауырлас қала болып есептеледі.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/68/Isfahankualalumpur.jpg/640px-Isfahankualalumpur.jpg)
Бауырлас қала ұғымы арқылы қалалар өздеріне ұқсайтын қалалармен мәдениет пен экономика алмасып, қарым-қатынасын жиілетіп, бір-бірінің дамуына көмектесіп отырады.