Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті – медицина мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны. Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (1957) негізінде ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы болып қайта құрылды. Құрамына Ақтөбе, Орал, Атырау, Манғыстау медицина колледждері енеді. Республика батыс аймағының 4 облысы және Қызылорда, Қостанай, облыстары үшін дәрігер кадрларын даярлайды. Бес оқу ғимараты, жатақхана, зерттеу лабораториясы, санаторий-профилакториі, кітапханасы, спорттық-демалыс лагері, стадионы бар. Академия құрамында емдеу, педиатриялық және орта дәрігерлік ф-ттері бар. Онда 3000 студент оқып, 500-ден астам дәрігер кәсіптік білімін жетілдіреді. Медицина колледждерде 2000-ға жуық болашақ маман білім алады. 416 оқытушы дәріс оқиды, олардың 33-і ғылыми доктор, 168-і ғылыми кандидат 4 колледжде 247 оқытушы дәріс береді (1998). Академияда жүргізілетін ғылыми-зертханалық жұмыстарының негізгі бағыттары: жаңа дәрі-дәрмек жасау, тексеру, сынау; ірің хирургиялық инфекциясы, оның асқынуы; хронобиология, хронотерапия; патогенез, аурудың алдын алу, емдеу; әртүрлі патологиялық жағдайлар, отбасын жоспарлау т.б.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті | |
Университет атауы | |
---|---|
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1957 |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Қазақстан |
Мекенжайы | Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68 үй |
Әкімшілік | |
Ректоры | Қалиев Әсет Әскерұлы |
Негізгі көрсеткіштер | |
Сайты | https://zkmu.edu.kz/ |
өңдеу |
Есімі | Лауазымды иеленген жылдар | Қысқаша ақпарат |
---|---|---|
Алмағамбет Бекішұлы Даиров | 1957 - 1963 | Ақтөбе медицина институтын ұйымдастырушы, тұнғыш ректоры. "Жалпы хирургия" кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор. |
Николай Дмитриевич Растопчин | 1963 - 1966 | Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі», Ұлы Отан соғысына қатысушы. |
Василий Николаевич Андреев | 1966 - 1968 | "Факультеттік терапия" кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Ұлы Отан соғысына қатысушы. |
Төрегелді Шарманұлы Шарманов | 1968 - 1971 | "Фармакология" кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор. КСРО Медицина ғылымдары академиясының академигі. |
Ажмағи Смағұлұлы Смағұлов | 1971 - 1995 | "Рентгенология және медициналық радиология" кафедрасының меңгерушісі. Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» |
Жанғали Құрманғалиұлы Ордабаев | 1995 - 1998 | "Микробиология, вирусология және иммунология" кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының академигі, «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі». |
Жақсылық Досмырзаұлы Досқалиев | 1998 - 2000 | "Факультеттік хирургия" кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Дүниежүзілік хирургтар қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының академигі. |
Қайрат Қанатұлы Жолмұхамедов | 2000 - 2003 | "Факультеттік хирургия" кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы. |
Сәлім Фахатұлы Беркінбаев | 2003 - 2007 | Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының академигі. |
Ербол Жасұланұлы Бекмұхамедов | 2008 - 2019 | Медицина ғылымдарының докторы, профессор. |
Мұрат Қойшыбайұлы Телеуов | 2019 - 2021 | Медицина ғылымдарының докторы, профессор. |
Әсет Әскерұлы Қалиев | 2022 жылдан бастап | Медицина ғылымдарының докторы, профессор. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.