Батырлық уақыт және қазақ мәдениетінің архетиптері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Батырлық уакыт және қазақ мәдениетінің архетиптері. Мифтік санада тұлға туралы түсінік жоқ, ол табиғи және қауымдық күштердің тасасында қалған. Тылсым табиғаттың алғашқы еркін жіберілген тұлғасы — Батыр. Бұл шынында да батырлық еді. Табиғи немесе құдайылық қажеттікті жеңе білген батыр нағыз адамзаттық мәдениеттіліктің (азаттықтың) негізін қалады. Батыс мәдениетінде «варварлар» бастаған батырлық ғасырлар Рим империясы құлағаннан кейін басталса, Еуразия Ұлы даласында бұл процесс номадалық түрік империяларының шарықтауымен сәйкес еді. Ғалымдар қазақ эпостарының алғашқы нұсқалары түрік қағанаттары кезінде қалыптасқаны туралы көптеген дәлелдер келтіреді. Ең бастысы — батырлық уақытта қазіргі қазақ мәдениетінің архетиптері қалыптасқан.[1]