Батиаль
From Wikipedia, the free encyclopedia
Батиаль, батиаль зона — мұхиттар мен теңіздердің 200—2000 м арасындағы терең шені. Батиаль зонаға күндізгі жарық түспейді, сондықтан ол үнемі қараңғы болып тұрады және өсімдік мұнда сирек өседі. Жануарлардың тек тереңдікте өмір сүруге бейімдері ғана кездеседі. Өсімдік әлемі біршама аз.[1]
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f4/Pelagiczone_ru.svg/320px-Pelagiczone_ru.svg.png)
Батиаль (гр. bathys — терең) — мұхит тереңдігінің бір зонасы. Батиаль бүкіл құрлықтарды қоршап, мұхит түбінің 15 пайыз көлемін қамтиды. Батиаль әдетте, су бетінен 200—500 метрден 1—3 мың метрге дейін қамтиды. Жарық түспейді, сондықтан өсімдіктер өспейді, жануарлар дүниесі біршама бар.[2]