From Wikipedia, the free encyclopedia
Бастамқала – ортағасырлық қала орны.
Қызылорда облысынан оңтүстік-батысқа қарай 240 км жерде, Жаңадарияның құрғап қалған арнасының бойында. XII-XIII ғасырларда өркендеген қаланың ауданы 390*300 м, айнала екі қатар дуалмен, терең ормен қоршалған. Ішкі қорғаныс дуал, оның бойындағы биіктігі 3 м мұнаралар мен ауызғы бөлмелері жақсы сақталған. Мұнараларының арасын жалғастыратын жұмбаздап соғатын дуалдың биіктігі 1,5 м, қалыңдығы 1 м. Сыртқы қорғаныс дуалының қалыңдығы 2 м-ге жуық, биіктігі 3,5 м. Қала ішінде төртбұрышты үйлердің орындары сақталған. Қорғанға сырттан солтүстік және оңтүстік қабырғалар арқылы кіретін болған. Екі үйдің орны мен ерекше ошақтың қалдығы ашылып алынған. Сырланған қыш ыдыстар, металдан жасалған дөңгелек қалқанның, тас ыдыстардың, көгілдір моншақтың сынықтары, жебенің сабы мен ұштары, темір қорытпалары, т.б. табылған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.