From Wikipedia, the free encyclopedia
Басжақсы — қалың малдың ерекше түрі. Қазақ халқында қыз беретін жаққа, яки, қалыңдықтың әке-шешесіне жасау жиып, төсек-орын дайындау үшін төрт түлік малдың әр түрінен іріктеп не бағалы заттар түрінде Басжақсы төлеу салты қашаннан-ақ белгілі. Басжақсы сөзінің өзі ерте кезде ең жоғары, қымбат деген өлшемдік ұғымды білдірген. Оның құрамына бәйгелерде бас жүлде алып жүрген сәйгүлік, ер жарағы — берен мылтық, берік сауыт, сондай-ақ, атан түйе не белі берік, катепті қара нар енген. Басжақсыны, негізінен, ауқатты, дәулеті мол ру басылары, ата-әулеттер беретін болған. “Басы жақсы болса, соңғысы да жақсы болады” деп, қыз алатын құданың негізгі қалың малды қаншалықты төлей алатынын осы Басжақсының түріне, санына қарай мөлшерлеп отырған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.