From Wikipedia, the free encyclopedia
Баренц теңізі (норв. Barentshavet, 1853 жылға дейін Мурман теңізі, Мурман) — Солтүстік Мұзды мұхиттың шеткі теңізі. Голландияның теңіз саяхатшысы В.Баренцтің құрметіне аталған. Еуропаның солтүстік жағалауы мен Шпицберген, Франц-Иосиф жері, Жаңа Жер аралдарымен шектесіп, Ресей мен Норвегия жағалауларын шаяды. Вайгач және Кальгучев аралдары аралығындағы оңтүстік-батыс бөлігі Печора теңізі деп аталады. Бұғаздар арқылы Кар тауларымен, Ақ теңізбен жалғасады.
Баренц теңізі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 1 424 000 км² |
Көлемі | 282 мың км³ |
Тереңдігі | 600 м |
Орташа тереңдігі | 222 м |
Орналасуы | |
71° с. е. 41° ш. б.71° с. е. 41° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Баренц теңізі Ортаққорда |
Теңіз құрылықтық шельфте орналасқан. Аумағы1424 мың км², көпшілік бөлігінің тереңдігі 360 — 400 м, ең терең жері — 600 м. Жағалауы қатты тілімделген, биік жартасты (фьордтар), тек шығысындағы Канин түбегі аз тілімделіп, жайпақ келген. Негізгі шығанақтары: Порсангер-фьорд, Варангер-фьорд, Мотов, Кола, Печора және Чеш. Аралдары аз, ең үлкені — теңіздің оңтүстігіндегі Колгуев аралы. Теңізге Печора және Индига өзендері құяды. Атлант мұхитының жылы ағысы әсерінен теңіздің оңтүстік-батыс бөлігі қатпайды, ақпан айында суының жоғарғы қабатының температурасы 3—5°С. Солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында мұз әдетте жыл бойы жатады, тек кейбір жылдары ғана теңіз мұздан толығымен арылады. Теңіздің тұздылығы 32—35‰. Баренц теңізінде жарты тәуліктік су толысуы байқалады, Кола түбегі жағасында оның көтерілу биіктігі 6,1 м-ге жетеді.
Баренц теңізі көлік және балық шаруашылығы үшін үлкен маңызға ие. Балықтың 114 тен астам түрі кездеседі. Теңізде балық аулау кәсібі (треска, майшабақ, пикша, сайда, теңіз алабұғасы, камбала) пальтус және кеме қатынасы жақсы дамыған.
Негізгі порттары:
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Петсамо оның жалғыз мұз қатпайтын порты болғандықтан, Баренц теңізіне шығу үшін Финляндияның да құзыры болды. Радиактивті қалдықтарды өңдейтін норвег зауыттарының қызметіне байланысты теңіздің радиактивті лайлануы шешілуі қиын мәселеге айналып отыр. Соңғы уақытта Баренц теңізінің Шпицбергенге қарайғы теңіз шельфі Ресей Федерациясы мен Норвегия арасында аумақтық даулардың нысанына айналып отыр[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.