![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/aa/Bambusa_oldhamii_form.jpg/640px-Bambusa_oldhamii_form.jpg&w=640&q=50)
Бамбук
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бамбук (лат. Bambusa) – астық тұқымдасына жататын ағаш сабақты өсімдік. Мұның 47 туысы, 200-ден астам түрлері бар. Сабағының сырт түрі қамыстікі тәрізді, іші қуыс, ұзындығы — 40 м, жуандығы —130 сантиметрге дейін барады. КСРО-да Кауказда және Кырымның оңтүстік жағалауында өседі. Бамбук 30-120 жыл тіршілік ете алады. Бамбуктардың шөптекті және сүректі түрлері болады. Шөптектілері өзге астық тұқымдастар тәрізді жылма-жыл, ал жуан діңді бамбуктар тіршілігінің соңында бір-ақ рет гүлдейді.Бамбуктардың дәнегі өзге астық тұқымдастардың жемісінен ерекше-жидекке немесе жаңғаққа ұқсас болады.
Бамбук | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Bambusa oldhamii
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||||
Bambusa bambos | ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
300 түрі белгілі |
БАМБУК (BAMBUSA) жібекшөптер тұқымдасына жатады. Австралия, Азия және Америкада таралған. Өз отанында ол табиғатта өссе, біздің елде тек бөлме өсімдігі ретінде өсіріледі. Оның жасыл және ала жапырақты түрлері бар. Жапырақтары ұзыншақ, сопақтау, ұзындығы шамамен 10-20 см-ге жетеді. Бойының биіктігі 40 см-ден 3,5 метрге дейін болады. Бамбук өмірінде бір рет – 33 жасында ғана гүлдейді екен. Гүлдері ұсақ, сабақ басында жинақталады. Гүлдегеннен кейін бамбук өсуін және өмір сүруін тоқтатады. Әрине, бөлме жағдайында оның гүлдеуі өте қиын. Бамбук жылдам өсетіндіктен жыл сайын оның топырағын ауыстырып, түбегін кеңейтіп тұру керек. Бірақ, бамбукты топыраққа егіп өсіргеннен гөрі, сабағын кесіп суға салып қояды. Фен-шуй ырымдарына сенген жандар оның сабақтарын тақ санда (1,2,3,5,7 сияқты) өсіреді.