Балық ұны
From Wikipedia, the free encyclopedia
Балық ұны – азық өнімі. Негізінен балықты өңдеу арқылы (кептіру, ұнтау, т.б.) алынады. Балық ұны балықтан басқа шошқа, құс, ірі қара малдың төлдерінен жасалады.[1]
Жоғары бағалы белокті-минералды- витамиңді концентрат. Балық ұнын дайындау үшін жаңа ауланған және мүздатылган балықтардың тамаққа жарамайтын сорттарынан және консерві өндірістерінің қалдықтары (бастары, ішкі мүшелері, жүзу қанаты) пайдалынылады. МЕСТ 2116-71 бойынша балық ұнының ылғалдығы 12% аспауы керек, протеин мөлшері - 48% кем емес (жақсы сорттары 70% дейін), май - 10%-дан артық емес, фосфорқышқылды кальций - 28- 30%, тұз - 5%-дай. Алынған шикізатың сапасына қарай, 1 кг балық ұнының құрамында 0,9-1,5 АӨ, 480-630 г қорытылған протеин, 20-80 г кальций, 15-60 г фосфор болады.[2]