From Wikipedia, the free encyclopedia
Балантидий(лат. Balantidium coli- балантидиаз ауруын тудырады.
Ол тоқ ішекте кездеседі және барлық жерлерде тараған. Балантидий денесі жұмырлау немесе жұмыртқа пішінді болып, өлшемі- ұзындығы 30-200мкм, ені 20-20мкм тең. Денесінің алдыңғы қысыңқы жағында перистом, содан кейін воронка тәрізді цитофаринкс, ал денесінің артқы жағында анель порасы- қылаулатқыш орналасқан. Балантадий қорытылмаған ас қалдығымен, эритроциттермен қоректенеді. Жиырылғыш вакуольдары 2-еу. Цисталары сопақша не домалақ (дм 50-60мкм) пішінді болып келеді.
Инвазиялық сатысы болып циста саналады. Асқорыту жолында цистадан вегетативтік формасы түзіледі. Вегетативтік форма күйінде балантадий ішекте ұзақ уақыт зиянсыз тіршілік етеді. Бірақ кейде белгісіз жағдайлардың әсерінен (аскаридоз), олар ішектің қабырғасына еніп, оны зақымдап, үлкен жара пайда етеді. Ішектің артқы бөлімінде вегетативтік форма цистаға айналады да үлкен дәретпен сыртқа шығарылады. Балантидиаздың негізгі резервуарлары болып жабайы және үй шошқалары саналады. Олардың фекалияларымен цисталар сыртқа шығарылып қоршаған ортаны ластайды. Адамдар шошқаларды күтіп баққанда цисталарды жұқтыруы мүмкін, сонымен қатар лас жеміс- жидектер, лас қол, қайнатылмаған су т.с.с. арқылы да жұғуы мүмкін.
Ішек қабырғасында қансыраған жара пайда етеді, қан-аралас іш өткізеді. Емделмесе дүние салуға алып келеді.
Фекалияны микроскоп арқылы зерттеп паразит цисталарын табу.
Жеке шаралар- жеке гигиена нормаларын сақтау; қоршаған ортаның шошқа қиымен ластануын болдырмау; шошқа фермаларында тиісті еңбек тәртібін ұйымдастыру т.б. болып табылады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.