![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/2d/Vedel_childrens_furniture_gh.jpg/640px-Vedel_childrens_furniture_gh.jpg&w=640&q=50)
Балалар мебелі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Балалар мебелі - кәдімгі мебельден көлемі жағынан ғана емес, сыртқы түрі жағынан да өзгеше болып келеді. Балалар мебеліне тән сипат — оның әртүрлі мақсатқа пайдаланылатындығы.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/2d/Vedel_childrens_furniture_gh.jpg/640px-Vedel_childrens_furniture_gh.jpg)
Мебельді пайдалану мерзімін ұзарту үшін балалар мебелінің кейбір үлгілерін жасағанда, пайдалану барысында, оның биіктігі мен ұзындығын баланың бойына қарай өзгертіп отыруға болатындай орын әзірлегенде де естен шығармау керек. Сәбилерге арналған мебельдер — қоршау бесіктер мен кереуетшелер. Сәбилердің қоршау бесіктерінің кейбір үлгілері түтікті пластмасса элементтерінен жасалған негізгі кереге түрінде болып келеді де, оларға қоршау ретінде созылмалы торды керіп байлайды. Қоршауды бесіктің мұндай конструкция қолайлы, өйткені оны оп-оңай-ақ орнын ауыстырыл қоюға, бұзып жинауға болады және бөлмеде көп жер алмайды.