Балалар кітапханасы, С.Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасы — мәдени-ағарту ісіне маманданған, әдістемелік-ақпараттық бағытта мектептен тыс білім мен тәрбие беретін республикалық мекеме. 1951 жылы ашылған. Алматыда 1996 жылдан Қазақстан үкіметінің қаулысымен белгілі балалар жазушысы С. Бегалин есімімен аталады. Балалар кітапханасында жарты млн. басылымды құрайтын кітап қоры, жасөспірімдерге арналған газет-журналдар, күйтабақ, диафильм, слайд, фильм көшірмелері мен музыкалық жинақтар бар. Жыл сайын 14 мыңдай оқырманға (мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге, 1—9 сынып оқушыларына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге) қызмет етеді. Сондай-ақ, мұнда ғылыми-әдістемелік, анықтамалық-библиография, қызмет көрсету, эстетика, кітаптарды топтастыру, өңдеу, кітаптарды сақтау бөлімдері жұмыс істейді. Балалар кітапханасы әдістемелік, ақпараттық орталық ретінде республика кітапханаларының жұмысына басшылық етеді. Облыс кітапханаларға арналған ақпараттық-әдістемелік, библиография бағыттағы басылымдар шығарып тұрады. Басылымдар “Этносаралық қарым-қатынастар мәдениеті”, “Қазақстанды таны”, “Мектеп бағдарламасына көмек”, “Қазақ өнері”, т.б. айдарларымен жарық көреді.[1]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.