Байқалған ең ежелгі тіршілік формалары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Байқалған ең ежелгі тіршілік формалары деп жер бетіндегі гидротермалардың өзектерінде байқалған тасқа айналған микроорганизмдерді айтады. Ғылыми факттер мен есептеулер бойынша, жер шары 4.5 миллиард жыл бұрын біртіндеп қалыптасса, мұхиттар шамамен 4,41 миллиард жыл бұрын пайда болғаны белгілі. Кей деректер бойынша кем дегенде 3,77 миллиард жыл бұрын, ал басқа деректер бойынша 4.28 миллиард жыл бұрын, тіпті бәлкім 4,5 миллиард жыл бұрын тіршілік формалары жер бетінде алғаш өмір сүре бастаған деп жорамалданады. 3,465 миллиард жылдық тарихы бар Аустралиялық Апекс черт (Apex chert) тау жыныстарынан табылған перминералданған микроорганизмдердің микрофоссилдері жер бетіндегі ең ежелгі тіршіліктің нақты айғағы есептеледі.[1][2]