Байғали Мақұлбекұлы Есенәлиев (10.12.1962 ж. т., Төле би ауданы Майбұлақ ауылы) – актер, әнші. «Дарын» мемлекеттік Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992), Республикалық әнші-актерлер байқауының (1989) және бірнеше өнер байқауының жеңімпазы. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.[1]
1984 ж. Т.Жүргенов атындағы Мемлекеттік өнер академиясының актерлік факультетін бітірген. 1984 – 1998 ж. Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы облыстық театрда, Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік Жастар мен балалар театрында актер болып, ұлы Абай, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев, т.б. тарихи тұлғалармен қатар замандастар бейнесін «Ең әдемі келіншек» спектаклінде Абдолла, «Ауылдан келген ару» қойылымында Ақын, «Бақыт пен мұңда» – Сері жігіт сынды бір-біріне ұқсамайтын көптеген кейіпкерлер бейнесін жасады. 30-ға жуық образдарды сомдады. Сонымен қатар ол орындаған Ә.Бейсеуов, Ә.Телғозиев, И.Сапарбай, Т.Ізтаев, Г.Шәмшиева, И.Бәйгісиев, т.б. авторлардың әндері қазақ радиосының «Алтын қорына» енді. Өзінің де шығарған әндері бар. 1998 ж. Қ.Қуанышбаев атындағы Астана драма театрында М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің желісі бойынша жазған «Қанды азу» пьесасы қойылып, республикалық және халықаралық өнер фестивалінде жүлдеге ие болды. Осы жылы оның «Ерке едім әні желге ұшқан» жыр кітабы, ал 2002 ж. «Адам боп өтсем – сол арман» атты естеліктер кітабы жарық көрді. Қазір көп жылғы ізденістер нәтижесінде дүниеге келген «Сүгір», «Әніме қорған болар кім?!», «Тірі өлік» драмалық пьесаларының қойылымдары әзірленуде.[2]
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Киностудиясында «Хабар» телеарнасының түсірген телевизиялық фильмдерінде да әр жылдары жемісті еңбек етіп, экранда төмендегі кейіпкерлерді сомдады:
- «Асуда» реж: С.Жармұхамбетов. Саламат-ролі. 1986 ж.
- «Жусан» реж: А.Әшімов. Дерменеші жігіт-ролі. 1986 ж.
- «Таудан да биік» реж: Б.Омаров. Жолдасбек-ролі. 1987 ж.
- «Әурелең» реж: С.Құрманбеков. Мәдениет басқармасының-ролі. 2007 ж.
- «Кешіккен хат» реж: Б.Сейтқазиев. Сәкен-ролі. 2008 ж.
- «Жаңа қала туралы аңыз» реж: Б.Санитасов. Марс-ролі. 2009 ж. «Хабар»
- «Елім-ай» реж: А.Айтуаров. Болат Қарабаев-ролі. 2009 ж.
2009-шы жылы «Мұхаммед Хайдар Дулати» атты тарихи трагедиясы Оңтүстік Қазақстандағы Ж.Шанин атындағы облыстық театры сахнасында қойылды.
2006-шы жылы Түркістан қаласында өткен «Түркістаным-Тұраным» атты Республикалық сазгерлер байқауында «Ескі жұрт» деп аталатын әнімен лауреат болды. 2007-ші жылы Оңтүстік Қазақстанның Ленгір қаласында өткен «Төле би өрнектері» фестивалінде «Қазығұрт» әнімен бас бәйгеге ие болды. 2009-шы жылғы желтоқсанның 4-дегі Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 2010-шы жылғы Қараша айының 8-ші жұлдызында Республикалық «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің «Жылдың үздік драматургы» номинациясы бойынша жеңімпазы.[3]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.