Қазақстандағы ресми түрде тіркелген саяси партия From Wikipedia, the free encyclopedia
«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі,[2] қысқаша атауы — «Baytaq» Жасылдар партиясы — Қазақстандағы жасыл саяси партия, ресми түрде тіркелген 7 партияның бірі.
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы | |
Басшысы |
Азаматхан Әміртай |
---|---|
Негізін салушы | |
Құрылған жылы |
24 қыркүйек 2022 (құрылды) |
Штаб-пәтері |
Қабанбай батыр көшесі 74, Астана |
Идеологиясы | |
Ұраны |
Таза ниет, таза әрекет, саясаттағы тазалық![1] |
Мәжілістегі депутат саны |
0 / 107 |
Сайты |
Партия оппозициялық болып есептелмейді. Оның тұңғыш съезінде олар Тоқаев саясатын қолдайтынын мәлімдеді.[3]
Партия басшысы Азаматхан Әміртай айтуынша, партияны тіркеу жұмыстары 2015 жылдан бері жүргізіліп келген.[4]
2022 жылдың 24 қыркүйегінде партияның тұңғыш съезі жүргізілді. Оның барысында партия басшылығы және бағыты таңдалды.[5]
2022 жылдың 30 қарашасында партия ресми түрде тіркелген партиялар тізіміне енді. Ол соңғы 20 жылда алғаш рет тіркелген партия болды.[6]
2023 жылы 20 қаңтарда Байтақ партиясы сол жылғы парламент сайлауына қатысатынын мәлімдеді.[7]
Партиядан тізім бойынша 20 кандидат ұсынылды, оның ішінде әйелдер квотасы бойынша 4 кандидат, жастар квотасы бойынша – 1 кандидат және мүгедектер квотасы бойынша – 1 кандидат бар.[8]
6 мамыр күні Алматыда партияның 3-съезі орын алды. Оның барысында Әміртай өзінің партиядағы мүшелігі мен төрағалығынан айырылды.[9]
2023 жылдың 10 мамырында партия төрағасы Азаматхан Әміртайдың айтқан сөзінше партияны «олигархтар мен бизнесмендер» басып алғысы келеді, және оны сондықтан партия мүшелері тізімінен алып тастаған.[10][11] Әміртай Алматыда өткен съезді мойындамады.[10]
Алматы мәслихатының депутаты және «Байтақ» партиясының алматылық саяси бюросының төрағасы Бейбіт Әпсенбетов «конференция өткізбей-ақ филиал директорларын тағайындап, партияға қатысы жоқ тұлғалардан саяси бюро құрып жүргеніне сүйеніп оның мүшелігі тоқтатылды» деген.
Сенімсіз болып, тәртіпті бұзып, партия билігін тартып алмақ болғаны үшін біз оны жай ғана саяси кеңестің шешімімен партиядан шығардық... Партияда жоқ адам оның төрағасы бола алмайды. Біз оны заңға сәйкес лауазымынан айырдық. Енді жақын арада съез өткізіп, жаңа төраға сайлағалы отырмыз... Қазір партияның сайты Әміртаев мырзаға тиесілі, ол сайтпен ойына келгенін істейді. Бірақ біз өз позициямызды Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін, біз одан сайттың барлық кілттерін бізге беруін талап ете аламыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.