From Wikipedia, the free encyclopedia
Байрактар Тактикалық UAS (ағылш. Bayraktar Tactical UAS, немесе Bayraktar TB1) — бақылаушы және барлаушы ұшқышсыз әуе соғыс аппараты (UAV) болып, ол әуелде Түрік қарулы күштері үшін жасалған болатын. Оны Kale Group пен Baykar Technologies бірлескен кәсіпорны - Kale-Baykar 2009 жылы дамытты. Байрактар Тактикалық UAS (Bayraktar TB1) негізінде 2014 жылы Bayraktar TB2 жаңа моделі дамытылды.
Bayraktar (Bayraktar TB1) | |
Түрік әуе күштері Байрактар TB2 | |
Түрі | |
---|---|
Өндірушісі |
Kale-Baykar |
Мемлекеті | |
Алғашқы ұшуы |
2009 |
Қолданысқа енгізілуі |
2014 |
Статусы |
Сервисте |
Негізгі эксплуатанттары | |
Өндірілген бірліктері |
80 [1] |
Базалық моделі |
Bayraktar Mini UAV |
Нұсқалары | |
2014 жылы Bayraktar төзімділігі мен биіктігі бойынша Түркияның ұшқышсыз әуе соғыс аппараттарының (UAV) ұлттық рекордын жасады. [2][3] Ол автономды ұшу төзімділігі рекордын 2014 жылдың 5 тамызында 5486.4м биіктікте 24 сағат 34 минут ұшқан кезде жасады. Сондай-ақ, 2014 жылдың 14 маусымында ол өзінің толық жүктемемен ұшуында ең жоғарғы биіктік 8238.744м-ді тіркеді.[4] Ал, 2015 жылдың желтоқсан айында Bayraktar TB2 дроны ROKETSAN өндірген MAM-L Мини Ақылды Оқ 100% дәлдікпен атуды сәтті көрсетті.[5]
Түрік Қарулы Күштері Байрактарды TAI Anka UAV-ға бәсекелес болуына жол бермеу үшін оны "Тактикалық UAV" санатына жатады деп сипаттаса, халықаралық стандарттар оны орташа биіктікте ұзаққа шыдайтын UAV ретінде жіктеді.[6][7] Іштен жану қозғалтқышымен жұмыс жасайтын, 650 кг MTOW платформасымен және 12 метрлік қанат жаймасы платформасымен Байрактар 6858 м биікте ұша алады, әрі әуеде 24 сағаттан артық жүре алады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.