![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/2/28/4c981482-0ffc-4add-8402-9771fec05f97.jpg/640px-4c981482-0ffc-4add-8402-9771fec05f97.jpg&w=640&q=50)
Бавия көгілдір көбелегі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бавия көгілдір көбелегі (лат. Pseudophilotes bavius) – Көккөбелек тұқымдасының Pseudophilotes туысына жататын саны азайып бара жатқан түр.
Бавия көгілдір көбелегі | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() ![]() | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Pseudophilotes bavius (Eversmann, 1832) | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Екі түршеден ғана тұратын, әбден оңашаланған туыстың сирек кездесетін өкілі. Оңтүстік Еуропада, Кіші Азияда, Кавказда таралған. Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде, Еділ мен Жайық өзендерінің арасында тіршілік етеді.
Жылына бір рет ұрпақ береді. Көбелектер мамыр соңынан маусым ортасына дейін ұшады. Жұлдызқұрттары Батыс Еуропада сәлбенде тіршілік етеді. XX ғасырдың басы мен ортасында барлық жерде кәдімгі түр болған. Қазіргі кезде едәуір сирек кездеседі. Түрдің санының төмендеуіне далалы жерлерді жаппай игеру мен улы химикаттарды пайдалану әсер етіп отыр. Түрді қорғау үшін тіршілік ететін мекенін тауып, қорғау керек.