From Wikipedia, the free encyclopedia
Әлия Молдағұлова халықаралық әуежай — Қазақстанның Ақтөбе каласындағы халықаралық әуежайы. Қаланың оңтүстік-батыс шеткейінде, Ақтөбе темір жол бекетінен оңтүстікке қарай 3,5 шақырым жерде орналасқан.
Ақтөбедегі 1 класты әуежай. Ил-86, Боинг 727—200 және Ан-124 (дирекцияның рұқсатымен) секілді ұшақтардың көпшілік түрін, сонымен қатар тікұшақтардың барлық түрін қабылдай алады.
Әуежайдың аумағына Ан-2 және Як-18 ұшақтары ме Ми-2 тікұшағына жөңдеу жасайтын азаматтық авиацияның № 406 авиажөндеу зауыты шектесіп жатыр.
Азаматтық авиациядан басқа, әуежайда Әскери авиация орын тепкен. Онда екі дүркін батыр атанған Т.Я. Бигельдинов атындағы Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштері Әскери институтының оқу ұшақтары негізделген. Институт 1996 жылы бұрынғы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесі негізінде құрылды. Сондай-ақ Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында Хлебодар жер асты оқу әуежайы бар.
Ақтөбеден 60 шақырым жердегі № 37 темір жол айрығының жанында).
2004 жылдан бастап әуежайды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. ҰҚА толық жөңдеуден өтті. Қазіргі кезде аэровокзалды қайта жоспарлау іске асырылуда.
Ақтөбе облысында желгілікті әуе жолдары: Ырғыз әуежайы, Карась әуежай, Кенқияқ әуежайы, Шалқар әуежайы, Бозой әуежайы, Қарабұтақ әуежайы секілді бірнеше әуеайлақтары бар. Олар 1990 жылдары қараусыз қалған, бірақ 2011 жылдан бастап олардың қайта өркендеуі басталды. Ырғыз әуежайы қалпына келтіріліп, Шалқар әуежайы және Бозой әуежайының қайта келтірілу жұмыстары жоспарлануда. 2011 жылдың қарашасынан бастап Л-410 ұшақтарымен аптасына екі рет Ақтөбе - Ырғыз - Ақтөбе әуе рейсі іске қосылды.[1]
Тасымалдаушы Атауы |
Бағыттары |
---|---|
Air Astana | Алматы, Астана, Атырау |
FlyArystan | Шымкент, Атырау, Ақтау |
SCAT | Ақтау, Алматы, Атырау |
EuroAsia Air | Анталья, Бодрум |
Sky Airlines | Анталья |
Hamburg International | Мюнхен |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.