From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақтау-Бозашы қорықшасы – республикалық мәні бар зоологиялық қорықша. 1982 жылы Маңғыстау облысында ұйымдастырылған.
Ақтау-Бозашы қорықшасы | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Ауданы | 170 мың га |
Құрылған уақыты | 1982 |
Орналасуы | |
44°42′28″ с. е. 51°22′07″ ш. б.44.70782822° с. е. 51.36863506° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Маңғыстау облысы |
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). |
Жер көлемі 170 мың га. Оған Бозащы түбегінің оңтүстік-батыс, Ақтаудың солтүстік-батыс бөліктері және Каспий теңізінің соған шекаралас жазық жағалауы енеді. Жер бедері құмды төбелі, бұйратты, сортаңды, шағылды, сорлы болып келеді. Қайраңды тегіс алқаптар да кездеседі.
Табиғаты шөлейтті, шөлді аймаққа тән. Онда қысқа мерзімді шөл өсімдіктері мен қатар адыраспан, жантақ, көк кекіре, көкпек, сүттіген, жусан, күйреуік, изен, мортық, киікоты, бұйырғын, сораң, балықкөз, шағыр, қияқ, ақселеу, құртқашаш, тобылғы, бозжиде, ақ тұт, т.б. өседі. Қорықшада қосмекенділердің – 1 (дала тасбақасы), бауырымен жорғалаушылардың – 15 (кәдімгі сұржылан, оқжылан, қалқантұмсық, т.б.), құстардың – 300-дей (жылқышы, жабайы кептер, үкі, бөктергі, жағалтай, жамансары, қарақұс, т.б.), сүтқоректілердің – 34 (Каспий итбалығы, құм қояны, қарсақ, дала күзені, қара кірпі, борсық, ақ бөкен, дала мысығы, т.б.) түрі мекен етеді. Ақтау-Бозашы қорықшасындағы бірқатар аң-құстар (жорға дуадақ, безгелдек, қарабауыр бұлдырық, ителгі, бүркіт, жұртшы, шұбар күзен, қарақұйрық, қарақұлақ, сабаншы, шағыл мысығы, арқар, үстірт жабайы қойы – муфлон, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.