Ақсақ киік
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақсақ киік – музыка өнерінің классигі, күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының күйі.
Төремұрат, Нарынбай ауылында жүріп киік атуға шыққанда үшінші киікке оқталарда Құрманғазы:
«Киіктің қай жерінен тигізейін?» – деп сұрапты дейді.
Сонда батырдың жолдастарының біреуі осы тигізе қояр деймісің дегендей:
– «Аяғынан» дей салыпты.
Сонда Құрманғазы киіктің артқы аяғынан тигізіп, киік үш аяқтап ақсаңдап, қаша жөнелсе керек. Қожаңдап «қуамын» деген жігіттерге Құрманғазы ұлықсат етпейді. Өзі домбырасын алып сол арада бір күй шертеді. Құрманғазының сырына әбден қанған Төремұрат күйшінің қасына ешкімді жібермей, әбден домбырасын аяқтап болғанда ғана өзі барып:
– «Жиенжан, бұл арада тағы бір нәрсе туып қалды білем, атын қойдың ба?» – деп сұрайды. Сонда Құрманғазы біраз кідіріп, қуанған емес, күйінгендей келбетпен:
– Нағашыеке, жаралының бәрі жаралы, жанның бәрі бірдей, өмір үшін күресте кімге оқ дарымайды? Біздің тұсымызда жаралы жан жалғыз киік пе? Атпайын-ақ деп едім, сіздің мына бір жігіттеріңіздің қыздырма сөзімен аттым. Анау ақсап кеткен киіктей жаралыларға арнадым бұл күйімді. Аты – «Ақсақ киік» депті дейді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.