From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақорда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.
Ақорда | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Статусы |
Құрылысы аяқталған |
Түрі |
ҚР Президентінің резиденциясы |
Орналасуы | |
Құрылысы басталды |
2001 |
Құрылысы аяқталды |
2004 |
Биіктігі |
80 м |
Техникалық сипаттамасы | |
Қабаттар саны |
7 |
Ғимараттың ішкі ауданы |
36,720 м² |
Дизайны мен құрылымы | |
Соғушы |
Mabetex Group |
Картада орналасуы | |
| |
Ресми сайты |
Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақордасының ресми тұсаукесері 2004 жылы желтоқсанның 24 күні өтті.
Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.
Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан.
Бірінші қабатта жалпы ауданы 1800 м2 құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты хол орналасқан.
Екінші қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан.
Үшінші қабатта:
Төртінші қабатта:
Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиһаз бар. Едендерге түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген.
Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.