From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақжайық шипажайы — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы елді мекен, ас қорыту, қан айналымы ағзаларын, эндокриндік жүйе, аяқ, қол, буын, жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған шипажай, Ақжайық ауылдық округі құрамында.
Елді мекен | |
Ақжайық шипажайы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
50°57′08″ с. е. 51°16′32″ ш. б.50.95222° с. е. 51.27556° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1985 |
Бұрынғы атаулары |
Д.О. Уральский |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲210 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
07 |
Ақжайық шипажайы шекарасы
|
Жайық өзенінің сол жақ жағалауында, аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 53 км-дей, облыс орталығы - Орал қаласынан оңтүстікке қарай 32 км-дей жерде орналасқан.
1985 жылы ашылған. 160 емдеу орны бар (1997). Жыл бойы жұмыс істейді. Орташа ауа температурасы: қаңтарда — 14°С, шілдеде 22,6°С. Жауын-шашын мөлшері 305 мм. Күн жылына орта есеппен 2359 сағат ашық болады. Ем ретінде денсаулыққа қолайлы климатпен қатар хлор, магний, натрий, темір, аммоний аралас минералды су пайдаланылады. Сонымен қатар парафинмен емдеу, аппаратты физиотерапия әдістері, емдік дене шынықтыру қолданылады. Санаторийдің 10 орындық бальнеологиялық емханасы бар.[1]
1999 жылы тұрғындар саны 173 адам (85 ер адам және 88 әйел адам) болса, 2009 жылы 142 адамды (71 ер адам және 71 әйел адам) құрады.[2]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 210 адамды (106 ер адам және 104 әйел адам) құрады.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.