Ақбауыр жарқанат
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақбауыр жарқанат (лат. Otonycteris hemprichii) - қолқанаттылар отрядының жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жатады. Денесі ірі, тұрқы 66 – 82 мм, қол сүйегінің ұзындығы 59 – 66 мм, арқасы құм түстес, бауыры ақшыл болады. Құлақ қалқаны жалпақ әрі өте ұзын, үшкір келеді. Ұясын жартастарға және тұрғын үйлердің қабырғаларындағы жарықтар мен қуыстарға салады. Көктем мен жазда еркектері жеке-жеке, ұрғашылары топталып тіршілік етеді. Жемтігін күн бата аулайды. Көбіне жемтігін жер бетінен 2 – 3 м биіктікте ұшып жүріп ұстайды. Негізінен қоңыздармен, инеліктермен және көбелектермен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Маусымның басында көбіне ұрғашысы 2 жарқанат табады. Сирек кездесетін түр, Қазақстанда таралу аймағының терістіктегі ең шеткі шекарасы өтеді. Тасты, сазды жарларды мекендейді. Республикада екі жерде – Сырдария Қаратауының баысындағы Ақ-мешіт үңгірі мен Үстірттің батыс жағындағы Қарамая тауынан табылған. Қаратауда аса терең емес тасты жарларды мекендейді. Ақбауыр жарқанаттың тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Саны мөн оған әсер ететін факторлар белгісіз. Үстірт қорығында қорғалады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[1]
Ақбауыр жарқанат | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Otonycteris hemprichii Peters, 1859 |