From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақан сері — Ақтоқты — Ғабит Мүсіреповтың 1941 жазған тарихи шығармасы. Пьеса қазақ әдебиетінің дараматургия саласындағы шоқтығы биік туындылардың біріне айналды.
Шығармада ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, әрі ақыны, сал-серісі Ақан Қорамсаұлының өмірін суреттейтін және замана шындығын танытатын тарихи шындық сипатталады. Бұл пьеса 4 перделі, 5 суретті драма. Драматург осы шығармасының 2 түрлі нұсқасын жазған. Пьеса романтизм үлгісінде жазылған.
Беташар қойылымы 10.3.1942 жылы болды, режиссер М. Гольдблат, суретшісі Э. Чарномский. Спектакль кезінде қазақ сахна өнеріндегі биік белес болып бағаланды. Ақан рөлін — Ш.Айманов, Ақтоқты — Ш.Жандарбекова, Науан Қазірет — Қ.Бадыров, Жалмұқан — Е.Өмірзақов, Қоңқай — С.Қожамқұлов, Мылқау балуанды Қ.Қуанышбаев ойнады. Бостандық пен әділет, махаббат пен өнер еркіндігі үшін күресті суреттейтін Ақан-сері — Ақтоқты трагедиясы 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде көрсету үшін «Ақын трагедиясы» деген атпен қайта қойылды. Бірақ 1942 жылғыдан айырмашылығы аз. Кейінірек рөлдерге басқа актерлер қосылып, Хазіретті — Қ.Әділшінов, Сердәліні — Қ.Қармысов, Дәмеліні — Р.Қойшыбаева, Балуанды — Ы.Ноғайбаев, Жалмұқанды — М.Сүртібаев, Ақанды — Ш.Мусин ойнады. 1972 жылы спектакль қайта қойылды.
Пьесада Ақанның кішкентайынан бастап өнер жолына шығуы,тыныс-тіршілігі түгелімен көрініс табады. Ақан жас кезінде көбінесе махаббатты, сұлулықты жырласа, есейе келе сүйіспеншілік тақырыбына ел мәселесі де қосылады. Ол бай-болыстардың қараңғы халыққа көрсеткен озбырлығын, қастандығын ашық түрде айтады. Қазақ елінің Ресей қосылу тарихының маңызын тереңнен түсіне алмады және осы жайлар кейбір қайшылықтарға да әкеліп соқтырды.Өмірде Ақан серінің өз басының қайғы-қасіреті де көп болған адам. Оның сүйіп қосылған жарының өмірі қысқа болып, жалғыз ұлы мылқау болады. Ақтоқтыдай сұлу қызға ғашық болып, үйленбек мұратына жете алмайды. Сөйтіп ол Ұрқия деген қызға үйленіп, үш айдан кейін шешек ауруынан ол да қайтыс болады. Бір басына осы жылы қайғы тым ауыр тиеді. Оның қыран құсы Қараторғай өледі. Қасқырға салған уды жеп тазысы да өледі. Құлагердей пырағы опасыз байлардың қолынан мерт болады. Ақан патшаның отаршыларынан да опасыздық, зорлық көріп, туған жерінен айырылып, жалғыз мылқау ұлын қасына алып, мұңлы жүрегіне домбырасы жұбаныш болып, елден безіп, көл жағасында қайғырып күн кешеді. Оған елдің «Ақан сері перінің қызымен көңіл қосыпты» деген сөздері жаралы жүрегіне бата түседі. Ақан Қорамсаұлы өмірден осындай ауыр қайғы-қасірет пен азап көреді. Ол қартайып, ұзақ уақыт науқастанып 1913 жылы жездесінің қолында қайтыс болады.
«Ақан сері – Ақтоқтының» барлық кейіпкерлерінің мінез-құлықтары, іс-әрекеттері жалындап сөйлей жөнелетін шешендіктері пьесада нанымды суреттелген. Мұнда ұзақ монологтар, қаһармандардың өз-өзімен сырласып кету сәттері жиі кездеседі. Шығармадағы басты кейіпкерлері тарихта болған адамдар.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.