From Wikipedia, the free encyclopedia
Ашыған көже. Ашыған көже, көженің суы, ашытпа, көже - дән жармасынан дайындалатын сусын. Ол кейде бидай ұнынан да жасалады. Бабына келген ашыған көже адамның шөлін басып, сусынын қандырады.
Мұның ашыту технологиясы қарапайым. Оны қысы-жазы ашыта беруге болады. Ол үшін қайнап жатқан суға тазаланған жарма, тұз салып, қазанның қақпағы жабылады да, одан әрі жайлап қайнатылады. Көже піскен соң салқындатылады. Содан кейін бетіне бидай ұнын сеуіп, көже құйылған ыдыстың беті жабылады да жылы жерге қойылады. Бидай ұны себілген көже тез ашиды. 10-12 сағаттан соң бетін ашып, ағаш қасықпен араластырып, бетіне тағы да ұн сеуіп, қақпағын жауып қою керек. Көженің бетіне бидай сеппесе, бидай ұнын, пісірілген нан салса да жетіп жатыр. Көжені осылай ашытып, қорландырып алған соң қорын үзбей, үстіне жаңа пісірілген көжені құя беруге болады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.